767-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелері, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Ауызша немесе жазбаша нысанда хабарланған, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелері, жәбiрленушi мен куәнiң айғақтары iске қатысы бар мәлiметтердi білдіреді.
Қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында бейнеконференция байланысы режиміндегі ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылуы мүмкін.
Бейнеконференция байланысының құралдарын осылайша қолдану тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) айқындайды.
2. Өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы немесе іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада көрсетіледі, ал қажет болған кезде – сауал қою хаттамасымен ресiмделiп, iске тiгiледi.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi, куәлардың айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны толық толтырғаннан және аталған тұлғаларға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін ғана енгізіледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға түсiнiктемелерiнің, куә айғақтарының дәлелдемелер ретінде күші жоқ деп есептеледі және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы