Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік баж төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттарда

Мемлекеттік баж төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттарда

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік баж төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттарда

Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және 607-бабының  1-тармағына сәйкес мемлекеттік баж бюджетке міндетті тӛлем болып табылады.Осыған орай, заңда белгіленген мӛлшерде мемлекеттік баж тӛлеу сотқа талапқою (арыз) не арыз берген адамның міндеті болып табылады.Оны төлеуден босату тек заңда тікелей кӛрсетілгенде ғана мүмкін болады.Заңның 53-бабының 1-тармағына сәйкес төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат АПК-ге сәйкес сотқа беріледі.Бұл мемлекеттік баждың тӛленбеуі не ӛтінішхатпен жүгінген кезде мемлекеттік баждың толық кӛлемде тӛленбеуі судьяның ӛтінішхатты қабылдау сатысынан қайтаруғын негіз болып табылатынын білдіреді (АПК-нің 152-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы).

Тараптар мемлекеттік бажды тӛлеу туралы талаптарды ҚР тӛреліктері шығарған тӛрелік шешімдер бойынша атқару парағын беру туралы (АПК-нің 20-тарауы) және шетелдік тӛреліктердің тӛрелік шешімдерін тану және орындау туралы ӛтініштермен жүгінген кезде сақтауға тиіс (АПК-нің 501-бабы).Мемлекеттік бажды тӛлеу тәртібі мен мӛлшері Салық кодексінде регламенттелген.

Мемлекеттік баж мӛлшерлемелері Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы бойынша айқындалады, оған тӛрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы ӛтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағыталап қою арызы берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мӛлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мӛлшерінің – 50 пайызы алынады.

Салық кодексінің 610-бабының 2-тармағына сәйкес тӛрелік шешімдерінің күшін жою және тӛреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жӛніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы ӛтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша әкімшілік талап қою, талап арыз (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мӛлшерлемесінің 50 пайызы мӛлшерінде алынады.

Сотқа талап қою кезінде мемлекеттік баж мӛлшері талап қоюшыныңмәртебесіне және қойылған талаптың сипатына байланысты болады.Заңның кӛрсетілген нормаларының мағынасына сәйкес апелляциялық сатыдағы сотқа тӛрелік шешімдердің күшін жою туралы ӛтінішхатпен жүгінген кезде де, кассациялық сатыдағы сотқа тӛрелік шешімдердің күшін жою туралы ӛтінішхаттықарау нәтижелері бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы сот актісіне шағымданған кезде де мемлекеттік баж сол бір мӛлшерде, яғни осындай даулар бойынша талапты қойған кезде Салық кодексінің 610-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мӛлшерлемесінің 50% тӛленеді.

Сондықтан мемлекеттік баж тӛленбеген немесе толық кӛлемде тӛленбеген кезде соттар мұндай ӛтінішхаттарды қайтарады.Мысалы, «Торе» тӛрелік, медиация және коучинг орталығы» ЖМ-нің 2021 жылғы 23 шілдедегі тӛрелік шешімімен Г.Б. Қанатованың мәмілені жүзеге асырылды деп тану және жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талабы қанағаттандырылды.

А.А. Билялов мүліктік емес сипаттағы талап қою кезінде белгіленген мӛлшерлемелерді негізге ала отырып, 730 теңге мӛлшерінде мемлекеттік баж тӛлеп, тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхат жолдады.Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 5 қаңтардағы ұйғарымымен А.А. Биляловтың ӛтінішхаты мемлекеттік баждың толық кӛлемде тӛленбеуіне байланысты қайтарылды.Мұндай тұжырымдармен кассациялық сот келісіп, даулы ұйғарымды күшінде қалдырды.

Мәмілені жасалды деп тану туралы мүліктік сипаттағы талап қою арызынберген жеке тұлға - талап қоюшы болып табылады, осыған байланысты арыз беруші сотқа тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатпен жүгінген кездемүліктік сипаттағы талап қоюға арналған мӛлшерлеменің негізінде мемлекеттік бажды тӛлеуге тиіс болатын.

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 5 шілдедегі ұйғарымымен «Халыққа ақша» ЖШС-ның берешекті ӛндіріп алу туралы талап қоюы бойынша Бірінші Экономикалық Тӛреліктің 2022 жылғы 7 маусымдағы шешімінің күшін жою туралы Е.О.Химичеваның ӛтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылды.

Е.О. Химичева мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша мӛлшерлемелердің негізінде 3063 теңге мӛлшерінде мемлекеттік баж тӛлеп, кассациялық сатыдағы сотқа ұйғарымның күшін жою туралы ӛтінішхатпен сотқа жүгінген.Кассациялық саты ӛтінішхатты қайтарған, ӛйткені арыз беруші мүліктік сипаттағы талап қоюлар үшін белгіленген мӛлшерлемелер бойынша 6300 теңге мӛлшерінде мемлекеттік баж тӛлеуі тиіс.

Арыз берушілер Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мӛлшерде мемлекеттік баж тӛлеуді жүзеге асыратын не заңның тікелей кӛрсетілуіне байланысты мемлекеттік баж тӛлеуден босатылатын жағдайлар бар, алайда соттар мұндай ӛтінішхаттарды негізсіз қайтарып, сол арқылы әуре-сарсаңға салады.

Мысалы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы ұйғарымының күші жойылды, материал «АМАЛФЕЯ» ЖШС-ның (бұдан әрі -ЖШС) ӛтінішхатын сот ісін жүргізуге қабылдау сатысынан бастап жаңа қарауғажіберілді.

ЖШС «Қазақстан Халықаралық тӛрелік & аралық соты» ЖШС-ның жанындатұрақты жұмыс істейтін тӛреліктің «ASA» ШҚ-ның ЖШС-ға соманы ӛндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша шығарылған 2021 жылғы 15 қарашадағы шешімінің күшін жою туралы ӛтінішхатпен сотқа жүгінді.

Апелляциялық сатыдағы сот ӛтінішхатты арыз берушінің мемлекеттік бажды тиісті мӛлшерде тӛлемеуіне байланысты қайтарған.Кассациялық сатыдағы сот талап қоюды ШҚ мәлімдегенін анықтады, сондықтан мемлекеттік баж талап қою берілген кезде талап қою арыз сомасының 1%-ы мӛлшерінде, ал апелляциялық сатыдағы сотқа тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатты берген кезде мүліктік сипаттағы талап қою берген кезде алынатын мемлекеттік баж мӛлшерінің 50% мӛлшерінде есептелуге тиіс.

Осылайша, ЖШС 119 452 теңге (23 890 409 х 1%:50%) мемлекеттік бажды тӛлеуге тиіс болатын. 2021 жылғы 13 желтоқсандағы түбіртекке сәйкес ЖШС 120 300 теңге мӛлшерінде мемлекеттік баж тӛледі.

Мемлекеттік баждың дұрыс тӛленбеуі себебінен ӛтінішхатты қайтару үшінсотта заңды негіз болған жоқ.Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2021 жылғы 10 тамыздағы ұйғарымының күші жойылды. Материал қабылдау сатысында Алматы қалалық сотына жаңа қарауға жіберілді.

А.Е. Дүйсебаев тарату комиссиясына кредиттік желі ашу туралы келісімді және банктік қарыз шарттарын ішінара жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқажүгінді. Тӛреліктің 2021 жылғы 19 шілдедегі шешімімен талап қанағаттандырылды.Тарату комиссиясы шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатпен жүгінді, апелляциялық сатыдағы сот тарату комиссиясының мемлекеттік бажды тӛлеуден босатылғанына қарамастан, мемлекеттік бажды тӛлемеуіне байланысты ӛтінішхатты қайтарған.Салық кодексінің 616-бабының 22-тармағында адамдарды соттарда мемлекеттік баж тӛлеуден босату жағдайлары кӛзделген.Осылайша, соттарда таратуға қатысты іс жүргізудің мүддесі үшін берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары мемлекеттік баж тӛлеуден босатылады.

Жол берілген бұзушылық кассациялық сатыда сот актісінің күшін жоюға негіз болды.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • _3C22~1
    195 рет жүктеп алынды

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты төрелік тал...

Толық оқу »

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Татуласу келісі...

Толық оқу »

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

503-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындау

503-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындау1. Е...

Толық оқу »

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Егер шет мемлекет туындаған немесе болашақ...

Толық оқу »

1958 жылғы Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

1958 жылғы Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы...

Толық оқу »

503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Егер осы Кодек...

Толық оқу »

53-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат Төрелік туралы Заңы

53-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатТөрелік туралы Заңы      1. Төрелік шешімнің күшiн жою туралы өтiнiшхат Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнам...

Толық оқу »

Негізгі нормативтік құқықтық актілер төрелік шешімдерді тану, орындау және олардың күшін жою туралы

Негізгі нормативтік құқықтық актілер төрелік шешімдерді тану, орындау және олардың күшін жою туралыҚазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (бұдан әрі -...

Толық оқу »

14-бап. Халықаралық төрелік орталығы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

14-бап. Халықаралық төрелік орталығы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында...

Толық оқу »

501-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау

501-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау1. Б...

Толық оқу »

Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішті қарау кезінде қабылданған шешімнің заңдылығын бағалау және оны мәні бойынша қайта қарау арқылы өз құзыретінен тыс шықты

Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішті қарау кезінде қабылданған шешімнің заңдылығын бағалау және оны мәні бойынша қайта қарау арқылы өз құзыретінен тыс шықты"J" компа...

Толық оқу »

Астана қаласының төрелік сотына төрелік шешімнің түпнұсқасын беру туралы өтініш

Астана қаласының төрелік сотына төрелік шешімнің түпнұсқасын беру туралы өтінішАстана қаласының төрелік сотыБСН: 160640012709Қазақстан Республикасы Астана қ., Гейдар к-сіӘлиев...

Толық оқу »

57-бап. Төрелiк шешiмдi танудан және (немесе) орындаудан бас тарту Төрелік туралы Заңы

57-бап. Төрелiк шешiмдi танудан және (немесе) орындаудан бас тарту Төрелік туралы Заңы      1. Сот мына негiздер бойынша:      1) өзіне қарсы төрелік шешім қабылданған тарап с...

Толық оқу »

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алу Төрелік туралы Заңы

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алуТөрелік туралы Заңы      Төрелік шешiмді мәжбүрлеп орындатуға байланысты қосымша шығыстар шешiмд...

Толық оқу »

482-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік талқылауына қатысты шет мемлекеттің иммунитеттен бас тартуы

482-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік талқылауына қатысты шет мемлекеттің иммунитеттен бас тартуыЕгер шет мемлекет төрелікте...

Толық оқу »

Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатпен, атқару парағын беру туралы арызбен сотқа жүгінген адамдардың өкілеттіктері

Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатпен, атқару парағын беру туралы арызбен сотқа жүгінген адамдардың өкілеттіктеріТөрелікте талап қою және дауды шешу кезінде өкілдерді...

Толық оқу »

35-бап. Істі төрелік талқылауға дайындау, дауларды қарау және шешу мерзімдері Төрелік туралы Заңы

35-бап. Істі төрелік талқылауға дайындау, дауларды қарау және шешу мерзімдеріТөрелік туралы Заңы      1. Егер регламентте немесе тараптардың келісімінде өзге мерзім белгіленбе...

Толық оқу »

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметтік топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттер жасалған жағдайда ғана жария тәртіпті бұзады деп танылуы мүмкін

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметті...

Толық оқу »

54-бап. Қазақстан Республикасында төрелiк шешiмді тану және орындау Төрелік туралы Заңы

54-бап. Қазақстан Республикасында төрелiк шешiмді тану және орындауТөрелік туралы Заңы      1. Төрелiк шешiм мiндеттi деп танылады және сотқа жазбаша арыз берiлген кезде Қазақ...

Толық оқу »

Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасына

Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасынаНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі еке...

Толық оқу »

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарау Төрелік туралы Заңы

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарауТөрелік туралы Заңы      1. Төрелік шешiм төрелік келiсiм тараптарының бiрiнiң немесе құқықтары жаңадан а...

Толық оқу »

253-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік шешімін мәжбүрлеп орындау

253-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік шешімін мәжбүрлеп орындау1. Егер төрелік шешім онда белгіленген мерзімде өз еркімен ор...

Толық оқу »

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiм Төрелік туралы Заңы

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiмТөрелік туралы Заңы      1. Егер тараптар келісімімен немесе регламентте өзге мерзiм белгіленбесе, төрелiк...

Толық оқу »

Сырттай төрелік шешім

Сырттай төрелік шешім Тӛреліктердің сырттай тӛрелік шешім шығаруы бар. Заңда сырттай тӛрелік шешім деген ұғым жоқ, бірақ тиісті түрдехабарланған жауапкер болмаған кезде дауды...

Толық оқу »

Борыш сомасын өндіріп алу туралы даулар | төрелік сот шешімінің күшін жою | төрелік даулар бойынша заң қызметтері

Борыш сомасын өндіріп алу туралы даулар | төрелік сот шешімінің күшін жою | төрелік даулар бойынша заң қызметтері02.09.2016 жылы төреші С. Е. Есеновтың құрамында, төрелік отыр...

Толық оқу »