Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілді
Талапкер Ш. жауапкерлер - Ә., Н., Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары бөліміне, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментіне, жеке нотариус Ж.-ға қарсы сотқа талап арыз беріп, сатып алу-сату шартын, оның мемлекеттік тіркелуін жарамсыз деп тануды, жер телімі үшін төленген қаражатты қайтаруды және моральдық зиян өндіруді сұраған. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2013 жылғы 25 қаңтардағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Н.-ның атынан әрекет етуші Ә. мен Ш.-ның арасында 2008 жылғы 8 ақпанда жасалған жер телімін сатып алу-сату шарты және оның мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылған. Іс бойынша тараптар бастапқы қалпына келтірілген. Талапкер Ш.-ның пайдасына жауапкер Ә.-ден 840 000 теңге және 10 768 теңге мемлекеттік баж төлемі өндірілген. Талап арыздың басқа бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасы сот шешімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгеріссіз қалдырған. Ә.-нің өкілі – Д. материалдық және іс жүргізу құқығы нормалары дұрыс қолданылмағандықтан, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Д.-ның өтінішті қолдаған түсінігін, прокурордың өтінішті ішінара қанағаттандырып, сот шешімін өзгертіп, өзгертілген бөлікте жаңа шешім қабылдауды сұраған қорытындысын тыңдап, азаматтық іс құжаттарын және өтініштің уәждерін тексеріп, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы өтініш төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ІАІЖК) 387-бабына сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Аталған іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген. Н.-ның атынан әрекет етуші жауапкер Ә. 2008 жылғы 8 ақпанда нотариус Ж. куәландырған сатып алу-сату шарты бойынша Шымкент қаласында орналасқан № 374, кадастрлық нөмірі 19-309-063-6927, алаңы 0,0800 га жер телімін талапкер Ш.-ға 840 000 теңгеге сатқан. Аталған шарт Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Ш.-ның атына жер теліміне жеке меншік құқығын растайтын акт берілген. Соттар талап арызды қанағаттандырып, талапкердің пайдасына Ә.-ден 840 000 теңге өндіргенде, даулы жер телімі Н.-ның атына Шымкент қаласы әкімдігінің жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 16 тамыздағы № 61781 шешімімен жария етілгенін, бірақ жер теліміне жеке меншік құқығын беретін акті жалған болып табылғанын негізге алған. Шымкент қалалық жер-кадастр филиалының № 9633 хабарламасына сәйкес, Шымкент қаласы, Ынтымақ шағын ауданындағы № 374 жер телімі филиалдың бірыңғай мемлекеттік жер телімінде және мұрағат бөлімінде тіркелмегендіктен, аталған жер телімінің шекарасын анықтау мүмкін емес.
Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілді
Алайда, қадағалау сот алқасы соттардың бұл тұжырымдарымен келіспей, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңбері дұрыс анықталмаған деп санайды. Себебі, сот отырысында анықталғандай, Ә. өзіне тиесілі «Daiwоo» маркалы автокөлігін Н.-ға берген, ал Н. нотариус куәландырған сенімхатпен даулы жер телімін Ә.-ге берген. Бұл мән-жайларды тараптар сотта жоққа шығармаған. Сондай-ақ, сатып алушы Ш. даулы жерді барып көрместен, Ә. көрсеткен құжаттарға сәйкес сатып алғаны анықталды. Істің мұндай тұрғысында, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңбері дұрыс анықталмағандықтан сот актілері өзгертілуге жатады. Қадағалау сот алқасы азаматтық іске қатысты сот актілерін өзгертіп, сот актілерінің талапкер Ш.-ның ның пайдасына жауапкер Ә.-ден ден 840 000 (сегіз жүз қырық мың) теңге және 10 768 (он мың жеті жүз алпыс сегіз) теңге мемлекеттік баж өндірілген бөлігінің күшін жойып, жаңа шешім қабылдады. Талапкер Ш.-ның пайдасына жер телімінің иесі Н.-дан 840 000 (сегіз жүз қырық мың) теңге және 10 768 (он мың жеті жүз алпыс сегіз) теңге мемлекеттік баж өндірді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілді
106 рет жүктеп алынды -
Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілді
111 рет жүктеп алынды