121-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есептен шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша өндіріп алынуы мүмкін болмаған берешек сомалары, мынадай негіздердің бірі:
1) ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарату;
2) банкрот деп тану;
3) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялауы бойынша өндіріп алу үмітсіз деп танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген берешек сомалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептен шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы