122-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті аванстық төлемдер сомасының, кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомаларының есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеушіге табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні өткен соң көрсетілген берешекті төлеушінің аванстық төлемдерінің, кедендік төлемдердің, салықтардың тиісті түрлері бойынша кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Бұл ретте кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті кеден органы осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуды жүргізу жолымен кедендік төлемнің және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен өндіріп алады.
2. Осы бапқа сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасы туралы кеден органы олар өндіріп алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы