Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 116-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

116-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

116-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды. 

      Осы баптың 3-тармағында көрсетілген кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шаралар, егер осы Кодексте және (немесе) Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, төлеушінің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен, оның ішінде кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген сомалары және (немесе) аванстық төлемдердің сомалары есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету, уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады. 

      2. Кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін төлеушіге, оның ішінде ынтымақты міндетті болатын тұлғаға осы Кодекстің 117-бабында айқындалған тәртіппен кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді. 

      3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шараларға: 

      1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті осы тарауда көзделген тәртіппен кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомалары есебінен, аванстық төлемдердің сомалары есебінен, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу; 

      2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану: 

      кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына өсімпұлды есепке жазу; 

      төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; 

      касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;  

      төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығару; 

      3) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мынадай тәртіппен: 

      төлеушінің банктік шоттарындағы ақша есебінен; 

      төлеушінің дебиторларының шоттарынан; 

      төлеушінің билік етілуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жатады. 

      4. Кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберген,осы Кодекстің 117-бабының 1-тармағында, 126-бабының 1-тармағында, 127-бабының 2 және 5-тармақтарында көзделген құжаттарды пошта операторы төлеушінің тұрған жерінде болмауы себепті қайтарған жағдайда, кеден органы төлеушінің тұрған жері бойынша зерттеп-қарау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады. 

      5. Зерттеп-қарау актісінде: 

      оның жасалу орны, күні және уақыты; 

      кеден органының актіні жасаған лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 

      кеден органының атауы; 

      тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжатының атауы және нөмірі, тұрғылықты жері; 

      төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, тұрғылықты жері немесе тұрғаны жері, сәйкестендіру нөмірі; 

      зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі. 

      Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді. 

      Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін. 

      Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді. 

      6. Егер зерттеп-қарау актісінде төлеушінің тұрған жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, акт жасалған күн осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күн болып табылады. 

      7. Осы Кодекстің 127-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында және 3) тармақшасында көзделген әрекеттер тізбекті түрде қолданылады. 

      8. Дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік баждар мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

      9. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген шара жүзеге асырылады. 

      Берешек өтелмеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен сотқа жүгінеді. 

      Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан берешекті өндіріп алуды атқарушылық іс жүргізу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 

      10. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шаралар: 

      1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін осы Кодексте көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі өткен; 

      2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау кедендік баждарды, салықтарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған; 

      3) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуге байланысты не осы Кодекстің 136-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған; 

      4) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті осындай берешектің, өсімпұлдардың, пайыздардың өндіріп алынуы мүмкін болмауына байланысты өндіріп алуға үмітсіз деп танылған; 

      5) кедендік әкелу баждарына, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қатысты Комиссия айқындаған өзге де жағдайларда; 

      6) кедендік әкелу баждарына, салықтарға қатысты осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда; 

      7) қылмыстық құқық бұзұшылықтар туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған, өздеріне қатысты өздерін қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты, осындай тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты осы Кодекстің 159-бабының 4-тармағында көрсетілген шешімдердің біреуі күшіне енетін күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастырған немесе оларды кедендік рәсімдердің бірімен орналастырған күнге дейінгі мерзім ішінде қабылданбайды. 

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралы

Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы N 83-IV Заңы       Мәскеуде 2008 жылғы 2...

Толық оқу »

Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілді

Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілдіТалапкер Ш. жауапкерлер - Ә., Н., Оңтүс...

Толық оқу »

Мемлекеттік баж. Сот шығыстары

Мемлекеттік баж. Сот шығыстарыСалық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ерекше іс жүргізу істері бойынша сотқа берілетін өтініштерден мемлекеттік баж 0,5 А...

Толық оқу »

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Өзі...

Толық оқу »

Атқару парағын беру туралы өтініштің нысаны мен мазмұны Соттылығымен Мемлекеттік баж

Атқару парағын беру туралы өтініштің нысаны мен мазмұны Соттылығымен Мемлекеттік бажАПК-нің 253-бабының бірінші бӛлігіне сәйкес тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы ӛтіні...

Толық оқу »

134-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі бар төлеушiлердің тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

134-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі бар төлеушiлердің тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарын...

Толық оқу »

51-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

51-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Одақтың к...

Толық оқу »

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

Мемлекеттік баж бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, бұрынғы лауазымын қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, өге де төлемдерді туралы талаптары бойынша мемлекеттік бажды тӛлемейді

Мемлекеттік баж бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, бұрынғы лауазымын қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, өге де төлемдерді...

Толық оқу »

118-бап. Кедендік төлемдер, салықтар,арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

118-бап. Кедендік төлемдер, салықтар,арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қа...

Толық оқу »

129-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушінің банктік шоттарындағы ақшасы есебінен өндіріп алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

129-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушінің банктік шоттарындағы ақшасы есебінен өндіріп...

Толық оқу »

122-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті аванстық төлемдер сомасының, кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомаларының есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

122-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті аванстық төлемдер сомасының, кедендік төлемдердің, салық...

Толық оқу »

246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағ...

Толық оқу »

550-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

550-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік рет...

Толық оқу »

Мемлекеттік баж

Мемлекеттік баж"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 607-бабына сәйкес мемлекеттік баж заңды маңы...

Толық оқу »

132-бап. Төлеушiнің билік етілуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек есебіне өткізу тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

132-бап. Төлеушiнің билік етілуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек есебіне өткізу тә...

Толық оқу »

128-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

128-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары Қазақстан Республикасында...

Толық оқу »

143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1....

Толық оқу »

120-бап. Кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәртібі  Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

120-бап. Кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу...

Толық оқу »

121-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есептен шығару  Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

121-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есепт...

Толық оқу »

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      О...

Толық оқу »

103-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажы

103-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажыМемлекеттік бажды төлеу тәртібі мен оның мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босат...

Толық оқу »

Экспорттық кедендік баж

Экспорттық кедендік баж Талапкер бұл шығыстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығы негізінде ескерді.Жауапкер бұл шығысты...

Толық оқу »