118-бап. Кедендік төлемдер, салықтар,арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеушiнің жеке өзіне қолын қойғыза отырып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етілуге тиіс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда төлеушіге табыс етілген болып саналады:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде – төлеушi пошта операторының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – веб-қосымшадағы хабарлама жеткізілген күннен бастап. Көрсетілген тәсiл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген төлеушiге қолданылады.
2. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 116-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай хабарлама табыс етілген күн болып табылады.
3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген шараларды жүзеге асыруды тоқтата тұрмайды.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы