128-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден органдары төлеушi – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, жеке кәсіпкердің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
2. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мына жағдайларда қолданылмайды:
1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалса – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) төлеушiге қатысты оңалту рәсімі қолданылса – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылса – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылса – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
4) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді сот бекітсе – соттың осындай келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап.
3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банктік шоттардағы ақша есебінен;
2) дебиторлар шоттарынан;
3) билік етілуі шектелген мүлікті өткізу есебінен жүргiзiледi.
4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі оған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін қырық жұмыс күні ішінде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы төлеушiге – осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану арқылы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасын өндіріп алады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғаннан кейін оның кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда, заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде кеден органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады.
5. Заңды тұлға оған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін қырық жұмыс күні ішінде берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы төлеушiлерге – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану арқылы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің сомасын өндіріп алады.
Ескерту. 128-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы