Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институтын құру туралы

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институтын құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институтын құру туралы

Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығы 1993 ж. 19 қаңтар N 1084

Қазақстан Республикасы әскерлерiнде тәрбие жұмысын жақсарту, Қарулы Күштерi адам құрамының арасында жауынгерлiк тәртiп пен хұқықтық реттiлiктi нығайту және әскери қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк-хұқықтық қорғалуы үшiн жауапкершiлiктi арттыру мақсатында қаулы етемiн:      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) адам құрамымен жұмыс жөнiндегi көмекшiлерiнiң институты таратылып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi аппаратынан, Республикалық ұланынан, Шекара және Iшкi әскерлерiнен, әскери мекемелерден бастап роталарға дейiнгi (оларға тең келетiн) буындарды қоса командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институты енгiзiлсiн.      

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң аппаратында тәрбие және әлеуметтiк хұқықтық жұмыс жөнiндегi басқарма, Республикалық ұлан, Шекара және iшкi әскерлер басқармаларында, корпустарда, дивизияларда, бригадаларда және оларға тең құрамдарда - бөлiмдер, полктерде және оларға тең құрамдарда - бөлiмшелер құрылсын.      

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Республикалық ұлан бiр ай мерзiмде әскери бөлiмдер мен мекемелердiң штатын осы Жарлыққа сәйкес келтiретiн болсын. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы