Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Өз еркімен салынған құрылыс мұра қалдырушыға заңды түрде тиесілі мүлік болып табылмайды және оны мұрагерлік массаға қосуға болмайды

Өз еркімен салынған құрылыс мұра қалдырушыға заңды түрде тиесілі мүлік болып табылмайды және оны мұрагерлік массаға қосуға болмайды

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Өз еркімен салынған құрылыс мұра қалдырушыға заңды түрде тиесілі мүлік болып табылмайды және оны мұрагерлік массаға қосуға болмайды

Өз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұлға құқық туралы дауды шешу 7 жолымен бұзылған немесе даулы құқықты немесе заңды мүдденi қорғау туралы талаппен жүгiнедi.

«Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 11-тармағында осы мәселе бойынша толық түсіндірмелер берілген.

Осылайша, өз бетімен құрылыс салу құқығын тану туралы талап қоюларды соттар барлық жағдайларда талап қою өндірісінде ұсынады және қарайды.

 

Өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тану туралы талап қоюды, мұнда жер бiр тұлға болып табылатын меншiк иесi мен құрылыс салушыға тиесiлi болғанда, арнайы заңнама нормаларын қолданбау мақсатында жаңадан салынған жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқықтарды тiркеудi оңайлату үшiн пайдалануға болмайды.

Өз бетімен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту (талап қоюшы бір тұлға болып табылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе тұрақты жер пайдаланушысы және өз бетімен салынған құрылысты салушы болып табылса) негізді болып табылады.

Павлодар қалалық соты 2021 жылғы 26 ақпанда Т.В.-ның өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану және ақша сомасын ӛндіру туралы А.С.-ге талап қоюынан бас тарту туралы шешім шығарды.

Талап қоюда талап қоюшының жұбайы С.С. тірі кезінде қажетті рұқсат құжаттарынсыз тұрғылықты жері бойынша жер учаскесінде гараждар тұрғызғаны, сарайды көмірханаға ауыстырғаны, тұрғын үйге салқын жапсаржай тұрғызғаны көрсетілген.

Шаруашылық және тұрғын үй құрылыс объектiлерi өз бетiмен салынған құрылыстардың белгiлерiне ие, бұл ретте жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiге сәйкес құрылыс салуға рұқсат етеді.

Бұл құрылыстар басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайды, құрылыс және қала құрылысы нормативтерінің талаптарына сәйкес келеді, өз бетімен салынған құрылысты сақтау азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп тӛндірмейді.

Жауапкер осы құрылыстарды ерікті түрде тіркеуден бас тартады, өйткені бөлуге және оның үлесін ақшалай түрде бӛлуге жататын мүліктің құны едәуір ұлғайған.

Сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, АК-нің 244- бабының 1-тармағына сәйкес мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының  өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылатынын кӛрсеткен.

Сот мұра қалдырушы С.С. тұрғызған құрылыстардың пайдалануға берілмегенін және оларға меншік құқығы тіркелмегенін, демек, олар мұрагерлік массаға кірмегенін анықтады.

Меншік иесінің салынған объектіні 2020 жылғы 25 қыркүйектегі дербес пайдалануға қабылдау актісін Т.В. мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін ресімдеген.

Бұл ретте сәулет саласындағы уәкілетті органның жауабына сәйкес аталған объект есепке алу журналында есепке алынған.

 Алайда Т.В. салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісін тіркеу үшін уәкілетті органға жүгінген кезде екінші меншік иесінің келісімінің болмауына байланысты бас тартылды.

Талап қоюшы жауапкер А.С. талап қоя отырып, негіз ретінде «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 23-тармағына сәйкес өз бетімен салынған жылжымайтын мүлікке (осындай мақсатта бөлінбеген жер учаскесінде, құрылыс салуға қажет рұқсат алынбай және т.б.) мұрагерлік сот тәртібімен ғана орын алуы мүмкін екенін көрсетті.

Нотариус мұра қалдырушының атына осындай мүлікке меншік құқығын тіркеуге куәлік беруге құқылы емес. Осыған байланысты өз бетімен салынған құрылыс мұра қалдырушыға заңды негізде тиесілі мүлік болып табылмайды және мұрагерлік массаға енгізілмейді деп тапты.

Сонымен бiрге мұраны қабылдаған мұрагерлер өздерiнiң өз бетiнше салынған құрылысқа меншiк құқығын тануын талап ету құқығынан айырылмайды

Сот даулы құқықтық қатынастар барлық мұрагерлер бірлесіп жүгінген кезде шешілуі мүмкін деген тұжырымға келді, бұл ретте «Жергілікті басқару туралы» Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органға талап қойылады, өйткені әкім мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүддесін білдіреді, сондықтан осындай істер бойынша тиісті жауапкер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі болып табылады.

Бұл ретте өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын сот тәртібімен тану құқықты қорғаудың ерекше тәсілі болып табылатыны және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтарды тіркеуді оңайлату мақсатында заңмен белгіленген рәсімдерді болдырмау үшін пайдаланылмайтыны атап өтілді.

Өз бетімен салынған құрылыстарды заңдастыру мақсатында сотқа жүгіну өз бетімен салынған құрылыстарды бұзу туралы талап қоюлар жӛніндегі даулар санатымен тығыз байланысты.

Мұндай талап қоюларды қала құрылысын бақылау саласындағы уәкiлеттi органдар не құрылысты белгiленген талап қоюларға сәйкес келтiру мүмкiн болмаған кезде құқықтары өз бетiмен салынған құрылыс объектiлерiмен бұзылған адамдар бередi.

Осылайша, өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қоюлармен қатар, құрылыстарды бұзу туралы талаптар бұзылған немесе дау айтылатын құқықты қорғау түрлерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік баж

Салық кодексінің 607-бабына сәйкес мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың кӛшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке тӛленетін төлем болып табылады.

АПК-нің 149-бабына сәйкес талап қоюға мемлекеттік баждың тӛленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

АПК-нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасында талап қою бағасы жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы туралы талап қоюларда – осындай объектілердің талап қою берілген күні орналасқан жерлеріндегі нарықтық құнымен айқындалады деп көзделген.

Өз бетiмен салынған құрылыстарға меншiк құқығы туралы азаматтық-құқықтық даулар тиiсiнше бағалануға тиіс мүлiктiк сипаттағы талап қоюларға жатады.

Даулы объект материалдық объект болып табылады және ақшалай мәнде құны болады, демек оның бағасы нарықтық құны бойынша айқындалады.

Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы, 10 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер; заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы, 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер алынады.

Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қойылған кезде мемлекеттік баж өтінішке оның нарықтық құны туралы құжаттарды (бағалау туралы есеп, жылжымайтын мүліктің нарықтық құны туралы ақпараттық анықтамалар) қоса бере отырып, мүліктің құнын негізге ала отырып төленуге тиіс.

АПК-нiң 109-бабының бірінші бөлiгiнiң сот шығыстарын шешiм пайдасына шығарылған тарапқа бөлу туралы қағидалары жергiлiктi атқарушы органға өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тану туралы мәлiмделген талап қоюлар бойынша iстер санатына қолданылмайды және соттар жергiлiктi атқарушы органдардан талап қоюшының пайдасына мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi шығыстар өндiрілмеуі тиiс.

Осындай істер бойынша жауапкер талап қоюшының материалдық құқықтарын бұзбайтын болса да, талап қоюшы өз құқықтарын сотта қорғауды таңдаған ұстанымға сүйену керек.

Бұған дейін Жоғарғы Сот осы мәселе бойынша, оның ішінде «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулыда түсіндірме берген.

Аталған түсіндірмелер өңірлердің қорытуларында көрініс тапқан, бұл олардың сот практикасында кеңінен қолданылғанын және соттарда бұл мәселеде қиындықтар жоқтығын айғақтайды.

Сонымен қатар соттар талап қоюды іс жүргізуге қабылдаған және жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құнын бағалаусыз істерді қараған не жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есептің титулдық парағы ғана болған жағдайда, бұл ретте оның тәсілдері мен әдістерін, сипаттамасын, техникалық және конструктивтік сипаттамаларын және зерттеу объектісі туралы басқа да мәліметтерді қамтитын зерттеу бөлігі іс материалдарында болмаған жағдайлар орын алады.

Салынған объектінің нарықтық құнын растайтын құжаттың болмауы талап қою кезінде төленуге тиіс мемлекеттік баж мөлшерін айқындауға кедергі келтіреді. 

Іске қатысатын адамдар тобы

Өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тану туралы талап қоюларды соттар талап қою iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарайды және жергiлiктi атқарушы органға бередi.

Мұндай iстер бойынша жергiлiктi атқарушы органды басқаратын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмдерi жауапкер болуға тиiс. Даудың санатына қарай мұндай талап қоюлар жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе құрылыс салушыға (өз бетiмен құрылыс салған адамға) қойылуы мүмкiн.

Егер өз бетімен салынған құрылысты мердігерлік ұйымдар салса, тапсырмасы бойынша өз бетімен салынған құрылысты жүзеге асырған тұлға ретінде тапсырыс беруші жауапкер болып табылатынын соттардың ескергені жөн.

Әрбір нақты жағдайда істі дұрыс шешу үшін қатысуы қажет үшінші тұлғалардың құрамын сот талап қоюшының талап қоюларының, жауапкердің қарсылықтарының мазмұнын және қолданылуға жататын заңдардың мәні мен негіздерін айқындайды.

Iс бойынша қабылданған шешiм осы адамдардың құқықтары мен мiндеттерiнiң кӛлемiне әсер етуi мүмкiн екенiн ескеру қажет.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талап қоюшының өзінің, процеске кез келген басқа қатысушының өтініші бойынша не соттың бастамасы бойынша жол беріледі, алайда мұндай ауыстыруға талап қоюшының келісімі болғанда ғана жол беріледі.

«Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 11-тармағында өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап қою жергілікті атқарушы органға берілетіні түсіндірілді.

Талап қоюшылар негізінен жауапкерді дұрыс көрсеткен, сонымен бірге талап қоюшының өз бетімен құрылыс салу құқығын тану туралы талап қоюлары тиісті емес жауапкерге қойылса, талап қою орын алады.

АПК-нiң 50-бабында талап қою тиiстi емес жауапкерге берiлген жағдайда сот iстi сот талқылауына дайындау тәртiбiмен талап қоюшыға оның тиiстi емес жауапкердi тиiстi жауапкерге ауыстыру туралы арыз беру құқығын түсiндiредi.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талап қоюшының өзінің, процеске кез келген басқа қатысушының өтініші бойынша не соттың бастамасы бойынша жол беріледі, алайда мұндай ауыстыруға талап қоюшының келісімі болғанда ғана жол беріледі. 

Соттылық

АПК-нiң 31-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі.

Яғни өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға байланысты даулар даулы жылжымайтын мүлік объектісінің аумақтық орналасқан жері бойынша қаралады.

Егер істегі тараптардың бірі азамат болса, онда мұндай талап қоюларды аудандық соттар қарайды. Iстiң тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылған жағдайларда, талап қоюларды АПК-нiң 27-бабының 1-бӛлiгiне сәйкес мамандандырылған экономикалық соттар қарайды.

Жергiлiктi соттар жүргiзген iстер мен қорытуларды зерделеу негiзiнде соттарға келiп түскен талап қоюларды соттар соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылдағанын куәландырады.

АК-нің 244-бабының ережелерін қолдануға байланысты істердің ведомстволық бағыныстылығын айқындау кезінде соттар дауға қатысушылардың субъектілік құрамын және олардың жиынтығында құқықтық қатынастардың сипатын ескеруі қажет.

АК-нің 244-бабымен реттелетін қатынастардың объектісі болу үшін тұлғаның салған құрылысы оның өз бетімен салған құрылысы болуы тиіс.

Өз бетімен тұрғызылған тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын тану туралы талап қоюды, сондай-ақ мұндай құрылысты бұзу туралы уәкілетті органның талап қоюын қабылдаған кезде, бірінші жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар талап қоюшылар немесе екінші жағдайда жауапкерлер болып табылса, бірақ бұл ретте даулы жылжымайтын мүлік объектісі кәсіпкерлік қызмет мақсаттары үшін пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады деген сұрақтар жиі туындайды.

Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмеген жағдайда, оның қатысуымен дау жалпы юрисдикция сотының қарауына жатады. Талап қоюдың нысанасы кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін өндірістік үй-жай болып табылатыны даудың ведомстволық бағыныстылығына әсер етпейді, өйткені заң жеке тұлғалардың меншігінде кез келген мүлікті, оның ішінде тұрғын емес/өндірістік үй-жайларды иелену құқықтарын шектемейді.

Осылайша жоғарыда көрсетілген мән-жайларда меншік құқығын тану туралы  немесе осындай өз бетімен салынған құрылысты бұзу туралы талап қоюды жалпы юрисдикция сотының іс жүргізуіне қабылдаудан бас тартуға негіз жоқ. 

Нормативтік құқықтық база

Өз бетімен салынған құрылысқа құқықты тануды реттейтін және осы санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі - АК);

- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

- Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі - Жер кодексі);

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Сәулет туралы заң);

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Жергілікті басқару туралы заң);

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі);

- «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 10 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі - «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулы);

- «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі - «Мұрагерлік туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі - Құрылыс салуды ұйымдастыру қағидалары) - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР ҚНжЕ болып табылады.

Дауларды қарау кезінде тиісті құқықтық қатынастар туындаған кезде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер қолданылуға жатады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Меншік құқығы туралы куәлікті және заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ақшалай үлесті бөлуді жарамсыз деп тану

Меншік құқығы туралы куәлікті және заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ақшалай үлесті бөлуді жарамсыз деп тану 2022 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы...

Толық оқу »

26-бап. Мұраның және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

26-бап. Мұраның және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуіМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлік өсиетке с...

Толық оқу »

Өтініш Мерзімді қалпына келтіру және мұрагерді мұрагерлікті қабылдаған деп тану туралы

Өтініш Мерзімді қалпына келтіру және мұрагерді мұрагерлікті қабылдаған деп тану туралыНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың негізг...

Толық оқу »

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеу

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеуАлматы облысының Іле аудандық соты құрамында: ашық сот...

Толық оқу »

Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру | мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану

Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру | мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану1992 жылғы 22 қыркүйектегі жекешелендіру туралы шарт негізінде: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, М...

Толық оқу »

71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары Нотариат туралы Заңы

71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды тала...

Толық оқу »

Жоғарғы Соттың кассациялық алқасына өсиет пен мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы сот шешімі мен қаулысына өтінішхат

Жоғарғы Соттың кассациялық алқасына өсиет пен мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы сот шешімі мен қаулысына өтінішхатНазар аударыңыз! Заң және құқық заң...

Толық оқу »

Мұраны қабылдау үшін мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайды

Мұраны қабылдау үшін мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайдыФ.2006 жылы 13 наурызда туған в. кәмелетке толмаған қыз...

Толық оқу »

1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк трансмиссия) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк трансмиссия) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Коде...

Толық оқу »

101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру  Нотариат туралы Заңы

101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы      Шетелдiк азамат өлген соң Қазақстан Республикасының аумағында қалған мүлiктi нем...

Толық оқу »

Мүлікті тіркеуге байланысты даулар, егер мұраны қабылдаған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарса, мұра қалдырушының кредиторлары мәжбүрлеп тіркеуді талап етуге құқылы

Мүлікті тіркеуге байланысты даулар, егер мұраны қабылдаған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарса, мұра қалдырушының кредиторлар...

Толық оқу »

Мұра бойынша Апелляциялық шағым

Мұра бойынша Апелляциялық шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайым нақты жағдайдың талаптарына сәйке...

Толық оқу »

Мұраға құқық және мұрагерлік мүлікті бөлу сонымен қатар куәліктерді жарамсыз деп тану туралы

Мұраға құқық және мұрагерлік мүлікті бөлу сонымен қатар куәліктерді жарамсыз деп тану туралыСоттылық.Мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талаптарды сотт...

Толық оқу »

72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары  Нотариат туралы Заңы

72-бап. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк беру шарттары Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды та...

Толық оқу »

Мұраны қабылдау және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану мерзімін өткізіп алу себептерінің құрметін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайды

Мұраны қабылдау және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану мерзімін өткізіп алу себептерінің құрметін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайдыП. сотқа даудың мәніне...

Толық оқу »

Пәтер түріндегі мұрагерлік мүлікті сенімгерлік басқарушыны тағайындау үшін нотариусқа жүгінуге мәжбүрлеу туралы

Пәтер түріндегі мұрагерлік мүлікті сенімгерлік басқарушыны тағайындау үшін нотариусқа жүгінуге мәжбүрлеу туралы29.08.2023 жылғы №6001-23-00-6ап/149Талапкер: "F" АҚ (бұдан әрі-...

Толық оқу »

Мұрагерлердің жекешелендірілген тұрғын үй-жайға меншік құқығын тану туралы, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талаптар

Мұрагерлердің жекешелендірілген тұрғын үй-жайға меншік құқығын тану туралы, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талаптарЖалпылау көрсеткендей, соттар мұраны қабылд...

Толық оқу »

61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау Нотариат туралы Заңы

61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау Нотариат туралы Заңы      Нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау 9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы

60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы     ...

Толық оқу »

Мұрагерлік құқығы туралы даулар-Мұрагер мұрагерлікке шақыру туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылы

Мұрагерлік құқығы туралы даулар-Мұрагер мұрагерлікке шақыру туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылыМ.сотқа Ж., Г., А.,....

Толық оқу »

Мұрагерлік мүлікті бөлу

Мұрагерлік мүлікті бөлуҚазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1076-бабының 1-тармағына сәйкес, заң бойынша мұраны қабылдаған кез келген мұрагер мұраны бөлуді талап етуге...

Толық оқу »