Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабына түсініктеме. Көрінеу жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, көрінеу жалған қорытынды беруге не дұрыс аударма жасамауға сатып алу немесе мәжбүрлеу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабына түсініктеме. Көрінеу жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, көрінеу жалған қорытынды беруге не дұрыс аударма жасамауға сатып алу немесе мәжбүрлеу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабына түсініктеме. Көрінеу жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, көрінеу жалған қорытынды беруге не дұрыс аударма жасамауға сатып алу немесе мәжбүрлеу

1. Куәны, жәбірленушіні көрінеу жалған айғақтар беруге, сарапшыны көрінеу жалған қорытынды немесе көрінеу жалған айғақтар беруге, сол сияқты аудармашыны дұрыс емес аударма жасауға сатып алу –

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Куәны, жәбірленушіні көрінеу жалған айғақтар беруге, сарапшыны көрінеу жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны дұрыс емес аударма жасауға, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға бопсалаумен, өлтіремін деп қорқытумен, денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқытумен, осы адамдардың немесе олардың жақындарының мүлкін жоямын деп қорқытумен ұштасқан мәжбүрлеу –

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көрсетілген адамдарға өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы жасалған әрекеттер –

алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не көрсетілген адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен байланысты әрекеттер –

екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі оның іс бойынша ақиқатты анықтау мақсатындағы сот төрелігіне қарсы іс-қимыл жасау нысандарының бірі болып табылатындығында, сондай-ақ жеке адамның мүдделеріне қол сұғатындығында. Осы нормада көрсетілген әрекеттерді жасаудың нәтижесінде соттың заңсыз және негізсіз шешім немесе қаулы, заңсыз және негізсіз айыптау не ақтау үкімін қабылдауы мүмкін.

ҚК-нің 422-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстың объектісі – соттың, прокуратураның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қосымша объектісі – жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделері.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1979 жылғы 17 желтоқсандағы 34/169 қарарымен қабылданған Құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды адамдардың мінез-құлық кодексінің 7-бабына сәйкес, құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды адамдар сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір актілерін жасамайды. Олар сондай-ақ осындай кез келген актілерге барынша кедергі келтіреді және олармен күреседі.

Сатып алудан жәбірленушілер болып куә, жәбірленуші, сарапшы және аудармашы танылады.

Объективтік жағы заңда аталған адамдарды олардың көрінеу жалған айғақтар беруі немесе көрінеу жалған қорытынды беруі мақсатында, сол сияқты аудармашыны дұрыс емес аударма жасауы мақсатында сатып алудан көрінеді.

Куәны, жәбірленушіні олардың көрінеу жалған айғақтар беруі мақсатында, сарапшыны көрінеу жалған қорытынды немесе көрінеу жалған айғақтар беруі мақсатында, сол сияқты аудармашыны дұрыс емес аударма жасауы мақсатында сатып алу деп куәға, жәбірленушіге, сарапшыға немесе аудармашыға олардан көрінеу жалған айғақтар, қорытынды беруі не дұрыс емес аударма жасауы үшін жеке өзі немесе делдалдар арқылы материалдық сыйақы ұсынуды (ақша төлеу, құндылықтар беру, борышты төлеуден босату, өзге де материалдық игіліктер беру) түсіну қажет.

Сатып алу кезінде адам куәға немесе жәбірленушіге көрінеу жалған айғақтар беру, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды немесе айғақтар беру, ал аудармашыға дұрыс емес аударма жасау шартын қояды.

Көрінеу жалған айғақтар беру дегеніміз – куәнің, жәбірленушінің немесе сарапшының өзіне белгілі және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сотқа дейінгі іс жүргізу барысында да, сотта да жауап алу кезінде хабарлауы.

Көрінеу жалған қорытынды беру – сарапшының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын адам немесе тараптар қойған сұрақтар бойынша көрінеу бұрмаланған деректерді қамтитын қорытындыларды жазбаша түрде ұсынуы.

Дұрыс емес аударма жасау деп бір тілден екінші тілге аудару кезінде аударылатын сөздің, мәтіннің бастапқы мағынасын көрінеу өзгерту, жасырып қалу түсініледі.

ҚК-нің 422-бабындағы сатып алу нысанасы ҚК-нің 366-бабында көзделген «Пара алу» және 253-бабында көзделген «Коммерциялық сатып алу» қылмыстарының нысанасына ұқсас.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысының 8-тармағында пара нысанасы ақша, бағалы қағаздар, материалдық құндылықтар, мүлікке құқық, сондай-ақ мүліктік сипаттағы заңсыз қызметтер көрсету, оның ішінде мүліктік міндеттемелерден босату болуы мүмкін екендігі айтылған. Оларды беру уақыты (іс-әрекеттерді берушінің мүддесі үшін жасағанға дейін немесе одан кейін) жасалған әрекетті саралауға әсер етпейді.

Түсіндіріліп отырған бапта куәні, жәбірленушіні, сарапшыны немесе аудармашыны қандай іс бойынша сатып алу жүзеге асырылатыны көрсетілмеген. Бұл қылмыстық іс те, азаматтық іс те, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс те болуы мүмкін.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша формальды болып табылады. Қылмыс кінәлі адамның сатып алу нысанасын беруі және алушының беріліп жатқан құндылықтардың кем дегенде бір бөлігін қабылдауы сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі.

Аталған адамдар сатып алу нысанасын алудан бас тартқан жағдайда, кінәлі адамның әрекеттері ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі және 422-бабының 1-бөлігі бойынша саралануға тиіс.

Егер шартталған құндылықтарды беру кінәлі адамдардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша жүзеге аспаса, онда олардың әрекеттері сатып алуға оқталу ретінде саралануға тиіс.

ҚК-нің 422-бабы бойынша сатып алуды алушылардың жауаптылығы көзделмеген, олар тек көрінеу жалған айғақтар бергені және т.б. үшін (ҚК-нің 420-бабы) жауаптылыққа тартылады.

Егер адам сатып алу нысанасын оны тиісті әрекеттерді жасау ниетінсіз алса, онда оның әрекеттері ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануы қажет.

Егер адамнан біреудің атынан сатып алу нысанасы ретінде беру үшін ақша немесе өзге де құндылықтар алынып, бірақ оны беруге ниеттенбестен иемденіп алса, оның әрекеттері де алаяқтық ретінде саралануы қажет. Сатып алу нысанасы ретінде ақша немесе өзге де құндылықтарды берген адамның әрекеттері сатып алуға оқталу ретінде саралануға тиіс.

Субъективтік жағынан сатып алу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам заңда көрсетілген жәбірленушілердің біріне қатысты сатып алу жасап отырғанын, олардың көрінеу жалған айғақтар, көрінеу жалған қорытынды беруі немесе дұрыс емес аударма жасауы мақсатын көздейтінін сезінеді, осы әрекеттерді жасауды алдын ала біледі және соны қалайды.

Субъективтік жақтың міндетті белгісі – мақсат, яғни аталған адамдардан көрінеу жалған айғақтар, қорытынды немесе аударма алуға қол жеткізу. Сатып алудың себептері әртүрлі болуы мүмкін: кек алу, пайдакүнемдік, қылмысы үшін жауаптылықтан құтылуға ұмтылу, туыстарын, достарын жауаптылықтан арашалап қалуға ұмтылу және т.б. Олар қылмысты саралауға әсер етпейді.

Сатып алудың субъектісі жалпы субъект болып табылады – 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

ҚК-нің 422-бабының 2-бөлігі куәны, жәбірленушіні көрінеу жалған айғақтар беруге, сарапшыны көрінеу жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны дұрыс емес аударма жасауға, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға бопсалаумен, өлтіремін деп қорқытумен, денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқытумен, осы адамдардың немесе олардың жақындарының мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасқан мәжбүрлеу үшін жауаптылықты көздейді.

Бұл әрекеттің объектісі – соттың, прокуратураның, алдын ала тергеу органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қосымша объектісі – жәбірленушілердің денсаулығы немесе меншігі болып табылатын қоғамдық қатынастар.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1979 жылғы 17 желтоқсандағы 34/169 қарарымен қабылданған Құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды адамдардың мінез-құлық кодексінің 2-бабына сәйкес, құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды адамдар өз міндеттерін орындау кезінде адамның қадір-қасиетін құрметтейді және қорғайды, барлық адамдарға қатысты адам құқықтарын қолдайды және қорғайды.

Осы әрекеттен жәбірленушілер болып куә, жәбірленуші, сарапшы, аудармашы және олардың жақындары танылады.

ҚПК-нің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес, куә деп іс үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар белгілі болуы мүмкін және жауап алуға шақырылып, жауап алынуы мүмкін кез келген адам танылады.

ҚПК-нің 71-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық процесте жәбірленуші деп өзіне тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілді деп пайымдауға негіз бар адам танылады. Егер зиян Қылмыстық кодекспен тыйым салынған, есі дұрыс емес адам жасаған әрекетпен келтірілсе де, адам жәбірленуші деп танылады (ҚПК-нің 71-бабының 2-бөлігі).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 24 сәуірдегі «Қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағына сәйкес:

«Жәбірленуші деп қоғамдық қауіпті әрекетпен оған моральдық, дене немесе мүліктік зиян тікелей келтірілген адам танылады, бұл ретте аталған әрекетті жасаған адамның анықталғаны, жауаптылыққа тартылғаны немесе тартылмағаны маңызды емес. Аяқталмаған қылмыстық әрекет (қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындалу, қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталу) туралы істер бойынша адамды жәбірленуші деп тану моральдық, дене немесе мүліктік зиян нақты келтірілген жағдайда жүзеге асырылады.

Егер моральдық, дене немесе мүліктік зиян адамның зиян келтіруге ерікті түрде келісім беруі нәтижесінде туындаса (мысалы, қылмыстық түсік жасатуға байланысты жүгінген жағдайда, пара берген кезде және т.б.), адам жәбірленуші деп таныла алмайды.

Қылмыстық құқық бұзушылықпен мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші деп танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін өкілеттіктері тиісті сенімхатпен ресімделген заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады».

Қоғамдық қауіпті әрекетпен зиян келтірілген адам тиісті процестік құқықтарға ие болады және заңда белгіленген міндеттер жүктеледі, бірақ бұл тек оны жәбірленуші, азаматтық талапкер деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулыда оған қандай зиян келтірілгені көрсетілуге тиіс. Зиянның бірнеше түрі келтірілген жағдайда, бұл мән-жай қаулыда көрсетілуі қажет.

Сарапшының ұғымы мен белгілері ҚК-нің 408-бабына берілген түсініктемеде көрсетілген.

Аудармашы деп іске мүдделі емес, аударма жасау үшін қажетті тілді меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары немесе жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер не олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар және процестің өзге де қатысушылары іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда тергеу және сот әрекеттеріне қатысу үшін, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшін тартылған адам танылады (ҚПК-нің 81-бабының 1-бөлігі).

ҚК-нің 422-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстың объективтік жағы куәны, жәбірленушіні көрінеу жалған айғақтар беруге, сарапшыны көрінеу жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны дұрыс емес аударма жасауға, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға бопсалаумен, өлтіремін деп қорқытумен, денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқытумен, осы адамдардың немесе олардың жақындарының мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасқан мәжбүрлеуден көрінеді.

Көрінеу жалған айғақтар, көрінеу жалған қорытынды беруге немесе дұрыс емес аударма жасауға мәжбүрлеу деп диспозицияда көрсетілген адамдардың өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігінен айыратын, олардың еркі мен мінез-құлқына жасалатын құқыққа қайшы ықпал ету түсініледі. Іс жүзінде адам жәбірленушіні құқыққа қайшы әрекеттер жасауға мәжбүрлейді.

Айғақтар беруден жалтаруға мәжбүрлеу – жәбірленушіні әрекетсіздікке, яғни айғақтар беруден жалтаруға ұмтылысты білдіретін мінез-құлыққа (шақыру бойынша келмеу, тұрақты тұрғылықты жерінен кетіп қалу және т.б.) немесе сарапшының функцияларын орындаудан жалтаруға (негізсіз түрде өзінің құзыретсіздігіне, тәжірибесіздігіне, жұмысбастылығына сілтеме жасау және т.б.) мәжбүрлеу.

Көрінеу жалған айғақтар, көрінеу жалған қорытынды беруге немесе дұрыс емес аударма жасауға, сондай-ақ айғақтар беруден жалтаруға мәжбүрлеу заңда көрсетілген мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады: бопсалау, өлтіремін деп қорқыту, денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту, жәбірленушілердің немесе олардың жақындарының мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту.

Көрінеу жалған айғақтар беруге мәжбүрлеу тәсілі ретіндегі бопсалау ұғымы ҚК-нің 415-бабына берілген түсініктемеде қарастырылған ұғымға ұқсас.

Қорқыту әрекет ретінде – біреуді үрейлендіру, оған қандай да бір жамандық жасаймын деп уәде беру. Әрекетті қылмыстық деп тану үшін қорқыту нақты болуы тиіс. Қорқыту ауызша, жазбаша түрде, делдалдар арқылы және т.б. білдірілуі мүмкін. Заңда қорқытулардың толық тізбесі берілген. Өлтіремін деп немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту психикалық күш қолданудың бір түрі болып табылады және басқа адамды өмірінен айыру немесе оның денсаулығына кез келген ауырлық дәрежесіндегі зиян келтіру ниетін білдіреді. Мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту аталған адамдардың немесе олардың жақындарының мүлкін толық жарамсыз күйге келтіру, оны тікелей мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермеу не осы мүліктің сапасын, қасиеттерін, құндылығын нашарлату ниетін білдіреді.

ҚК-нің 422-бабының 2-бөлігінің диспозициясында көрсетілмеген өзге де әрекеттерді жасаймын деп қорқыту қарастырылып отырған қылмыс құрамын құрамайды.

Саралау үшін кінәлінің қорқытуды жүзеге асыруға ниеттенген- ниеттенбегенінің маңызы жоқ. Қорқытуды білдіру нысаны да саралауға әсер етпейді.

Басқа адамға көрінеу жалған айғақтар беруді ұсынған, бірақ оны күш қолданумен, мүлкін жоямын деп қорқытумен, одан бетер өлтіремін деп қорқытумен қорқытпаған адамның әрекеттері қарастырылып отырған қылмыс құрамын құрамайды.

Егер кінәлі адам өзінің қорқытуын іске асырса, онда ол қылмыстар жиынтығы бойынша: ҚК-нің 422-бабы және жеке адамға немесе меншікке қарсы қылмыс үшін, ҚК-нің 422-бабының 3 және 4-бөліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша формальды болып табылады. Қылмысты шантаж немесе қорқыту түріндегі мәжбүрлеу қолданылған сәттен бастап аяқталған деп есептеу қажет. Қылмыс куәның, жәбірленушінің көрсетілген ықпал ету нәтижесінде көрінеу жалған айғақтар бергеніне немесе бермегеніне, сарапшының көрінеу жалған қорытынды бергеніне, аудармашының дұрыс емес аударма жасағанына немесе жасамағанына қарамастан аяқталған болып танылады.

Субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам өзі жасаған мәжбүрлеудің қоғамдық қауіптілігін сезінеді, өзінің әрекеттерімен куәнің, жәбірленушінің, сарапшының немесе аудармашының еркін басып-жаншитынын және осы адамдарды заңда көрсетілген тәсілдердің бірімен көрінеу жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, көрінеу жалған қорытынды беруге, дұрыс емес аударма жасауға мәжбүрлейтінін сезінеді, мұны алдын ала біледі және соны қалайды.

Кінәлінің әрекеттерін жасаудағы мақсаты – жәбірленушілерді көрінеу жалған айғақтар, қорытынды беруге немесе дұрыс емес аударма жасауға не айғақтар беруден жалтаруға мәжбүрлеуге ұмтылу. Бұл мақсат субъективтік жақтың міндетті белгісі ретінде аталмаған, алайда мұндай қорытынды норманың мәтінінен туындайды.

Қылмыстың субъектісі – қылмыс жасалған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

ҚК-нің 422-бабының 3-бөлігінде аталған адамдарға өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы жасалған, осы баптың 2-бөлігінде көзделген әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану деп ұрып-соғу, соққы жасау, бас бостандығын шектеу немесе одан айыру, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіру және денсаулыққа елеулі зиян келтірмеген өзге де күш қолдану әрекеттері түрінде көрінетін физикалық күш қолдану түсініледі.

Түсіндіріліп отырған баптың 4-бөлігінде осы баптың 1 және 2-бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не көрсетілген адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен байланысты әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықтың күшейтілетіні көзделген. Қылмыстық топ ұғымы ҚК-нің 3-бабының 24) тармағында және 31-бабының 3-бөлігінде қамтылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 23-тармағына сәйкес, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп қаруды немесе денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген, қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану арқылы денсаулыққа зиян келтіруді, сондай-ақ жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан өзге де күш қолдануды түсіну қажет.

Бұл ретте жеңіл зиян да, егер ол жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда келтірілсе (мысалы, дененің өмірлік маңызды бөліктеріне қолмен немесе аяқпен бірнеше рет соққы жасау және т.б.) және оны емдеу үшін амбулаториялық немесе стационарлық емдеу қажет болса, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті деп танылуы мүмкін.

ҚК-нің 422-бабының 4-бөлігіндегі қылмыс құрамында өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану ұғымы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген денсаулыққа жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтіруді қамтиды.

Ауырлататын мән-жайлар болған кезде әрекет қылмыстар жиынтығы бойынша ҚК-нің 422-бабының 4-бөлігі және 106-бабының 2 немесе 3-бөліктері бойынша саралануға тиіс.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізбесі ҚК-нің 3-бабының 29) тармағында қамтылған.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ұғымдары тиісінше ҚК-нің 11-бабының 4 және 5-бөліктерінде қамтылған.

ҚК-нің 422-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 422-бабының 3 және 4-бөліктерінде көзделген әрекеттер ауыр қылмыстарға жатады.

**Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы – Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Норматив Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақста...

Толық оқу »

422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қ...

Толық оқу »

354-бапқа түсініктеме. Пара беру немесе жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, жалған қорытындыға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дұрыс аудармасына мәжбүрлеу

354-бапқа түсініктеме. Пара беру немесе жалған айғақтар беруге немесе айғақтар беруден жалтаруға, жалған қорытындыға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дұрыс...

Толық оқу »

201-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәсіби спорттық жарыстары мен ойын сауық коммерциялық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына пара беру

201-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәсіби спорттық жарыстары мен ойын сауық коммерциялық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушылар...

Толық оқу »

174-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кәсіби спорттық жарыстар мен ойын сауық коммерциялық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына пара беру

174-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кәсіби спорттық жарыстар мен ойын сауық коммерциялық конкурстарының қатысушылары мен...

Толық оқу »

187-бап. Сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

187-бап. Сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Сатып алушы бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы сат...

Толық оқу »

188-бап. Сатып алушының қызметкерін сатып алушылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

188-бап. Сатып алушының қызметкерін сатып алушылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Сатушы (өнім беруші) бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатып...

Толық оқу »

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін...

Толық оқу »

37-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

37-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң әрекеттерiне (әр...

Толық оқу »

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген...

Толық оқу »

38-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу

38-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу 1. Егер осындай мәжбүрлеу салдарынан адам өзі...

Толық оқу »

Адамды қанау, адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу

Адамды қанау, адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеуҚазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3-бабы 1-тармағы Адам са...

Толық оқу »

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.2025 жылғы 4 маусымдағы №6001-24-00-6ап/3...

Толық оқу »

Түсініктеме 368-бапқа Бастыққа қарсылық көрсету немесе оның қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК

Түсініктеме 368-бапқа Бастыққа қарсылық көрсету немесе оның қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК 1. Бастыққа, сол сияқты о...

Толық оқу »

38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, егер мұнд...

Толық оқу »

36-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу

36-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу 1. Егер осындай мәжбүрлеу салдарынан адам өзінің іс-әрекетін (ә...

Толық оқу »

203-бап. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін куәға жауаптылық туралы ескерту Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

203-бап. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін куәға жауаптылық туралы ескерту Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Ку...

Толық оқу »

203-бапқа түсініктемелер. Куәға айғақтар беруден бас тартқаны және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауапкершілік туралы ескерту

203-бапқа түсініктемелер. Куәға айғақтар беруден бас тартқаны және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауапкершілік...

Толық оқу »

Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптай отырып көрінеу жалған денонсация жасау және куә ретінде көрінеу жалған айғақтар беру

Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптай отырып көрінеу жалған денонсация жасау және куә ретінде көрінеу жалған айғақтар беруОңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Абай ауданды...

Толық оқу »