⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сырттай төрелік шешім

Сырттай төрелік шешім

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сырттай төрелік шешім


Тӛреліктердің сырттай тӛрелік шешім шығаруы бар. Заңда «сырттай тӛрелік шешім» деген ұғым жоқ, бірақ тиісті түрде 
хабарланған жауапкер болмаған кезде дауды мәні бойынша қарау мүмкіндігі Заңның 29-бабында тікелей кӛзделген.

Заңның 29 - бабының 1-тармағына сәйкес кұжаттар мен ӛзге де материалдарды ұсынбау, оның iшiнде тӛрелік отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлген тараптардың бiрiнiң немесе олардың ӛкiлдерiнiң тӛрелік отырысына келмей қалуы, егер құжаттар мен ӛзге де материалдардың ұсынылмау себептерiн немесе тараптардың тӛрелік отырысына 
келмей қалуын ол дәлелсiз деп таныса, ұсынылып отырған материалдар мен дәлелдемелер негiзiнде тӛрелік талқылау және тӛреліктiң шешiм қабылдауы үшiн кедергi болып табылмайды.

Тӛреліктер жауапкердің қатысуынсыз тӛрелік шешім шығара алады, оны сырттай шешім деп атамаған жӛн.
Соттардың тӛрелік шығарған сырттай тӛрелік шешімдердің күшін жоюға құқығы жоқ, ӛйткені тӛрелік шешімнің күшін жою үшін негіздер Заңның 52-бабында кӛзделген, заңда мұндай негіздер кӛзделмеген.

Сондықтан тӛреліктер сырттай шешім шығарудың қате практикасынболдырмауы керек.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу