104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы тұрғын үйді босату Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы
1. Осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтар өздеріне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріле отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатады.
2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.
3. Үйді босату туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы