Тұрғын үй даулары бойынша Адвокат
Жергілікті соттардың талап қоюшының арызын қанағаттандыру туралы қорытындылары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмейді Талап қоюшы М. «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) есептен шығару туралы бұйрығын және тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндеттеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының 2019 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен арыз қанағаттандырылған. Басқарманың 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 02-41/291 бұйрығының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 хаттамалық шешімінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінен М.-ны шығару туралы бөлігі заңсыз деп танылған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй басқармасына мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне арызданушыны қайта тұрғызып, құқық бұзуға дейінгі жағдайды қалпына келтіру міндеттелген.
Тұрғын үй даулары бойынша Адвокат
Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Өтінішхатта Басқарма соттар істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, арызды толық көлемде қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Іс материалдарына сәйкес арызданушы М. Басқармаға 2010 жылғы 8 сәуірде өзімен бірге отбасы мүшелері ретінде жұбайы Р.-ны, ұлы Т.-ны көрсете отырып, «оралман» санаты бойынша мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне қою туралы арыз берген. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес арызданушы 2010 жылғы 8 сәуірден бастап тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін «оралман» санаты бойынша кезекке қойылған. Одан соң Басқарма тарапынан өз өкілеттігі аясында кезекте тұрған азаматтарға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылғы 2 қарашадағы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) көші-қон қызметі басқармасына № 158-15/6500 шығыс хатына сәйкес сұраныс жіберілген. Департаменттен алынған деректерге сәйкес М. 2009 жылдан бастап Қазақстан Републикасының азаматы екендігі анықталған. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 22 шілдедегі № 94 (бұдан әрі – Заң) және «Халықтың көшіқоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV (бұдан әрі – Арнайы заң) заңдарының талаптарын басшылыққа алып, Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 хаттамалық шешімімен және Басқарманың 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 02-41/291 бұйрығының негізінде арыз беруші М. коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінен шығарылған. Сонымен қатар 2018 жылғы 21 желтоқсандағы хаттамада арыз беруші күйеуі, баласы туралы ешбір мәлімет көрсетпеген және арыз беруші басқа санатқа ауыстыруға негіз болатын құжаттарды тапсырмаған деген қорытынды жасалған. Өзінің сотқа берген арызында М. 2010 жылғы 28 желтоқсанда дүниеге екінші ұлы келгенін, жолдасы Р.-мен 2017 жылғы 6 сәуірде заңды түрде ажырасқанын, Басқармаға екінші ұлын да кезекке қою, өзін «оралман» санатынан, «жалғыз басты ана» санатына ауыстырып, тұрғын үй алу кезегін реттеу туралы бірнеше рет арыз бергенін, алайда оның өтініші қанағаттандырусыз қалдырылғанын көрсеткен.
Арыз берушінің талабын қанағаттандыра отырып, жергілікті соттар М. 2010 жылғы 8 сәуірде тұрғын үй алу кезегіне заңды қойылғанын, кейіннен оның отбасы жағдайының өзгеруіне байланысты «толық емес отбасы» санатына жататындығын, ол кезектен заңсыз шығарылған деген қорытындыға келген. Азаматтық істің материалдарын, өтінішхаттың уәждерін зерделеп, прокурордың дауланып отырған сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы қорытындысын тыңдап, кассациялық сот алқасы төмендегідей қорытындыға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Сонымен қатар сот алқасы АПК-нің 449-бабының бөлігінде көрсетілген «кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы» деген нормасын басшылыққа алады. Осы азаматтық дауды қарап, шешкен кезде жергілікті соттар қолданыстағы тұрғын үй қатынастары және көші-қон туралы заңнамаларды дұрыс қолданбай, іс бойынша заңсыз шешім қабылдаған. Арнайы заңның 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес оралман мәртебесі оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады. Ал Заңның 73-бабы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес азаматтар егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуi үшiн негіздер жойылған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылуға жатады. Азаматтық іске тігілген Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 33-8-6-552 анықтамасына сәйкес арыз беруші М. 2009 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының азаматтығын алып, 2010 жылғы 29 қаңтарда № 024845644 жеке куәлігінен 2017 жылғы 16 қарашадағы № 043558838 жеке куәлігіне құжаттандырылған. Сондықтан жоғарыда көрсетілген заңнама нормаларын ескере отырып, сот алқасы арыз беруші М. 2010 жылғы 8 сәуірде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың кезегіне заңсыз қойылған деген тұжырымға келді, яғни ол кезекке қойылған уақытта Заңның 68-бабының 7-тармағында көрсетілген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтардың санатына кірмеген.
Көрсетілген жағдайларға қарамастан жергілікті атқарушы органның өкілдері өздерінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, М.-ны тұрғын үй алу кезегіне заңсыз қойған. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың М.-ның арызын қанағаттандыру туралы қорытындылары осы даулы қатынастарды реттейтін заңнамалардың талаптарына сәйкес келмейді және жергілікті соттар қолданылуы тиісті материалдық заңнаманы қолданбай, заңнамаларды кеңінен талдап, заңсыз шешім қабылдауға жол берген. Сонымен қатар бірінші сатыдағы сот Басқарманың 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 02-41/291 бұйрығымен қоса Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 хаттамалық шешімін де ішінара заңсыз деп таныған. Алайда аталған комиссияның хаттамалық шешіміне сот азаматтық іс жүргізу тәртібімен дауланатыны немесе дауланбайтындығы туралы мәселеге қатысты құқықтық тұрғыдан баға берілмеген. Жоғарыда айтылғанның негізінде дауланып отырған сот актілерін заңды және негізді деп бағалауға болмайды.
Тұрғын үй даулары бойынша Адвокат
Жергілікті соттар материалдық заңнаманы қолдануда елеулі қателіктер жібергендіктен, аталған сот актілерінің күші жойылуға жатады. Сот алқасы азаматтық даудың мән-жайы толық, жан-жақты анықталғанын, бірақ материалдық заңнаманы қолдануда қателіктерге жол берілгенін ескеріп, істі қайта қарауға жолдамай, жаңа шешім қабылдауға толық құқықтық негіздер бар деп есептейді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот алқасы жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, іс бойынша М.-ның талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдады. Кассациялық өтінішхат қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Тұрғын үй даулары бойынша
207 рет жүктеп алынды -
Тұрғын үй даулары бойынша
164 рет жүктеп алынды