110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы
1. Еңбек қатынастарының сипатына қарай өз міндеттерін орындау кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, оның ішінде лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабы бойынша ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарын қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды пайдалануға осы Заңның 90, 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
Лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына ротациялау орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, еңбек қатынастарының сипатына қарай міндеттерін орындау кезеңіне тиісті төлемдер беріледі.
Ротациялық төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік органды көшіру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71, 72, 73, 74, 90, 93 және 95-баптарының күші қолданылмайды.
3. Қызметтік тұрғынжай осы Заңда көзделген шарттарда және тәртіппен басқа қызметтік тұрғынжайға айырбасталуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы