133-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану, банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру, күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін және реттеу құралдарын және (немесе) жазбаша нұсқамаларды қолдану туралы шешімдеріне шағым жасау шағым жасалатын шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-тармақ 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 135-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен.
2. Сот банкке реттеу режимін қолдану заңдылығы туралы шешімді осы Заңның 91-бабына сәйкес жүргізілген банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін ескере отырып қабылдайды.
3. Сот уәкілетті органның, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің және (немесе) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің шешімі негізінде жасалған мәмілені жарамсыз деп таныған жағдайда, тараптардың осындай мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы