Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 43-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау Прокуратура туралы Конституциялық заңы

43-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау Прокуратура туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

43-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау Прокуратура туралы Конституциялық заңы 

      1. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне жоғары тұрған прокурорға не сотқа осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      2. Прокурордың актілері мен әрекеттеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың актілеріне немесе оның әрекеттеріне шағым бойынша шешім шығарғанға дейін олардың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

      3. Жоғары тұрған прокурор жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымы бойынша не өз бастамасымен төмен тұрған прокурордың актілерінің күшін жоя алады, оларды кері қайтара алады, тоқтата тұра алады немесе өзгерте алады.

      4. Прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосы мен оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы