157-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының қылмыстық істі тергеп-тексеруге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы