41-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру 8-тарау Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.
Азамат болу туралы және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Азаматтық мәселелері бойынша өтініш қабылдаудан негізсіз бас тартуға, өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істерді қарау тәртібін және азаматтық мәселелері бойынша шешімдерді орындау тәртібін бұзатын басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы