198-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған кезде жұмыс берушінің немесе жұмыскердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші немесе жұмыскер мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа осы баптың 3-тармағының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер " мемлекеттік еңбек инспекторы әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері (шағымдары) бойынша шешім шығарылғанға дейін төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, олардың күшін жоюға не кері қайтарып алуға құқылы.
3. Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына немесе сотқа нұсқама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.
Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса, нұсқама көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.
Нұсқамаға шағым келіп түскен күннен бастап жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы он жұмыс күні ішінде шағым бойынша тиісті шешім қабылдайды.
Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, ол сот актісі заңды күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы