Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздікті) заңсыз деп тану туралы
2025 жылғы 3 маусымдағы 6001-24-00-6ап/3289
Талап қоюшы: Е. С.
Жауапкер: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Агенттік).
Даудың нысанасы: шешімдер мен әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тану туралы.
Жауапкердің тұлға кассациялық шағымы бойынша қайта қарау ІСТІҢ МӘНІ:
Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда 2024 жылғы 27 наурызда (бұдан әрі – №1 шағым) Е.С. Агенттікке жолдаған шағымында ӛзіне қатысты жүргізілген қызметтік тексеру барысында қаласының әкімі Н.О., сондай-ақ әкім аппаратының басшысы М.Б.-ға қатысты Департамент енгізген ұсыным
нәтижелері бойынша тәртіптік іс жүргізуге шаралар қабылдамаған Департамент басшысы А.А. әрекетсіздігімен келіспейтінін кӛрсеткен.
2024 жылғы 29 наурызда Агенттік №1 шағымды М.Б.-ға қатысты бӛлігінде тиесілігі бойынша қарау үшін әкім аппаратына, А.А.-ға қатысты шағымды Департаментке жолдаған.
2024 жылғы 10 сәуірде Е.С. Агенттікке, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына шағымдар жолдаған. Оларда А.А., Н.О., қала әкімінің міндетін атқарушы С.Н.-ның, заң бӛлімінің басшысы Б.К.-ның әрекеттері шағымдалынған.
2024 жылғы 11 сәуірде Агенттік ӛзіне түскен №2, №3 шағымдарды тиесілігі бойынша қарау үшін әкімі аппаратына, А.А.-ға қатысты шағымды Департаментке жолдаған.
2024 жылғы 14 мамырда талап қоюшы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне шағым (бұдан әрі – №4 шағым) жолдап, онда Агенттіктен С.Н.-ның жауапкершілігі туралы мәселені қарауды және А.А.- ны тәртіптік жауаптылыққа тартуды сұраған.
№4 шағымды Агенттік тиістілігі бойынша қарау үшін әкім аппаратына жолдаған.
Талап қоюшы сотқа берген талап қоюында Агенттіктің шағымдарды басқа мекемелерге жіберу жӛніндегі іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды, жауапкерді Департамент басшысы А.А.-ға қатысты қызметтік тексеру тағайындауға және жүргізуге мәжбүрлеуді сұраған.
Сот актілері:
1-ші саты: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 2024 жылғы 10 шілдедегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Агенттіктің Е.С.-ның №ЖТ-874, №ЖТ-766, №ЖТ-777, №ЖТ-458 ӛтініштері бойынша шешім қабылдауға тиісті уәкілеттігі жоқ мемлекеттік орган «Облыс әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Әкім аппараты) бағыттаған әрекеттері заңсыз деп танылған.
Талап қоюдың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы А.Ж.-ға қатысты қызметтік тергеу тағайындау арқылы жол берілген бұзушылықтарды толық кӛлемде жоюға мәжбүрлеу (міндеттеу) туралы бӛлігі қанағаттандырудан бас тартылған.
Апелляция: сот алқасының 2024 жылғы 9 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
Кассация: сот актілері күшінде қалдырылған.
Қорытындылар:
Соттар талап қоюдың бұл бӛлігін қанағаттандырғанда мына мән- жайларды негізді ескерген.
ӘРПК-тің 65-бабының талаптарына сай жолданымды қарау ӛкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде
хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ӛзін-ӛзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сай облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес талап қоюшының шағымдарында кӛрсетілген лауазымды тұлғаларды (әкім аппаратының басшысы М.Б., қала әкімі Н.О., қала әкімінің міндетін атқарушы С.Н.) қызметке тағайындауды жоғары тұрған лауазымды тұлға болып табылатын облысының әкімі жүзеге асырады.
Заңның 38-бабына сәйкес әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Яғни, Агенттіктің талап қоюшының шағымын қарау ӛкілеттігіне кірмейтін әкімшілік орган - әкім аппаратының қарауына жолдауы негізсіз болып санады.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән- жайларына сәйкес келетін сот актілерінің күшін жоюға негіз бола алмайды делінген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы