149-бапқа түсініктеме. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі
Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер тергеу изоляторларында ұсталады. Оларды ұстау тәртібі мен шарттары заңнамамен айқындалады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы «Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда адамдарды ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңына сәйкес, күзетпен ұстау — Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, соттың санкциясымен адамдарды арнаулы мекемелерде уақытша оқшаулау (2-баптың 10) тармақшасы); тергеу изоляторы — қылмыс жасады деген күдікке ілінген және айыпталған, оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды және т.б. ұстауға арналған арнаулы мекеменің түрі (2-баптың 2) тармақшасы).
Осы Заңның өзінде (15-баптың 1—2-тармақтары) күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіп қағидаларының мазмұны бекітілген, оған мыналар кіреді: 1) күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру тәртібі; 2) күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, дактилоскопиялау, суретке түсіру, сондай-ақ олардың заттарын қарап-тексеру тәртібі; 3) күдіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, нәрселерді және тамақ өнімдерін алып қою; 4) күдіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету; 5) күдіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттарды және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сатып алуы; 6) күдіктілер мен айыпталушыларға сәлемдемелерді, берілімдерді қабылдау және тапсыру; 7) күдіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын алуы және жіберуі; 8) күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар жолдауы; 9) күдіктілер мен айыпталушылардың діни рәсімдерді орындауы; 10) айыпталушыларды еңбекке тарту; 11) күдіктілер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы; 12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын ұйымдастыру; 13) күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету; 14) күдіктілер мен айыпталушылардың күнделікті серуендеуін ұйымдастыру; 15) күдіктілер мен айыпталушылардың Заңның 17-бабында көрсетілген адамдармен кездесулерін өткізу; 16) күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету; 17) күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы және ол уәкілеттік берген адамдардың жеке қабылдауы; 18) күзетпен ұстау орындарында қайтыс болған күдіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру; 19) күдіктілер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану; 20) күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстаудан босату тәртібі.
Сонымен қатар, Ішкі тәртіп қағидаларында күзетпен ұстау орындарындағы күдіктілер мен айыпталушылардың мінез-құлық қағидалары, күдіктілер мен айыпталушылардың өздерінде ұстауына, сақтауға, сәлемдемелер мен берілімдер арқылы алуға және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сатып алуға рұқсат етілетін тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімнің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың тізбесі мен саны белгіленеді, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушыларға белгіленген ақыға көрсетілетін қызметтердің тізбесі көзделеді.
Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі бекіткен Күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіп қағидаларында неғұрлым егжей-тегжейлі көрініс тапқан. Бұл заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер Ақпараттық-құқықтық жүйенің деректер базасында орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне Марат Чекишевич Когамовтың, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкерінің 2020 жылғы түсініктемесі.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер, даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар