20-бап. Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан бас тарту үшін негіздер Халықтың көші-қоны туралы Заңы
Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) үміткерлердің осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
2) этникалық қазақ мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) қандас мәртебесін беру туралы өтініш жасаған этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) этникалық қазақтың "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы;
5) қандастарды әкімшілік-аумақтық бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған әкімшілік-аумақтық бірліктен бас тартуы.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ.
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы