Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы 

      1. Ішкі көшіп-қонушылардың: 

      1) Қазақстан Республикасының заңында жазылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруға, тұрғылықты жерін еркін таңдауға; 

      2) тұрғылықты жерінен немесе уақытша болатын (тұратын) жерінен мәжбүрлі түрде қоныс аудартудан қорғалуға; 

      2-1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға; 

      2-2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге уақытша орналастыру орталықтарына бастапқы орналасуға; 

      3) жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуге құқығы бар. 

      Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген негіздер бойынша мәжбүрлі түрде қоныс аудартуға жол берілмейді. 

      2. Ішкі көшіп-қонушылар: 

      1) ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге; 

    Астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтері ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

      Тұрғынжай меншік иесінің жұбайын (зайыбын), жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары (зайыптары) мен балаларын, өзінің қамқорлығындағы немесе қамқоршылығындағы адамдарды, сондай-ақ астанада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерді тіркейтін жағдайларды қоспағанда, осы тұрғынжайда тіркелген, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, астананың аумағында белгіленген нормативтерден асырып тіркеуге жол берілмейді;

      1-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, уақытша орналастыру орталығына жолдама алған кезде күнтізбелік үш күн ішінде оған орналасуға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін ұсынылған үй-жайды босатуға; 

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті. 

  

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы. 

      Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы