Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Протокол / Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 12-IV Заңы 

      Мәскеуде 2005 жылғы 25 қарашада қол қойылған Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының       Президенті 

Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері,       Тараптар мемлекеттерінің азаматтарының Тараптар мемлекеттерінің шекара маңындағы аумақтарда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға ниет білдіре отырып       төмендегі жөнінде келісті: 

1-бап 

      Келісімге мынадай толықтырулар енгізілсін:       1. Кіріспе төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:       "Тараптар мемлекеттерінің шекараларынан өту және еңбекші-мигранттардың, оның ішінде шекара маңындағы еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігіне орай".       2. 2-бап төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:       "шекара маңындағы еңбекші" - бір іргелес мемлекеттің шекара маңындағы аумақта жұмыс істейтін және оған күнде немесе не болғанда аптасына кемінде бір рет оралып отыратын өзге іргелес мемлекет аумағындағы тұрғылықты жерін сақтайтын еңбекші-мигрант".       3. Келісім 3-баптан кейін мынадай мазмұндағы жаңа баппен толықтырылсын:       "31-бап       Тараптар екіжақты және көпжақты келісімдер негізінде шекара маңындағы еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асырылуының қарапайым тәртібін қолданады". 

2-бап 

      Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.       Осы Хаттама мемлекет ішіндегі рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін, тиісті құжаттарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді. 

      Мәскеу қаласында 2005 жылдың 25 қарашасында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жібереді. 

      Әзірбайжан Республикасының       Молдова Республикасының             Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін 

      Армения Республикасы             Ресей Федерациясының            Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін 

       Беларусь Республикасы          Тәжікстан Республикасының             Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін 

      Грузия Үкіметі үшін             Түркменстан Үкіметі үшін 

      Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының             Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін 

      Қырғыз Республикасының           Украина Үкіметі үшін            Үкіметі үшін 

      Мәскеу - 25.11.2005 

Молдова Республикасының ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесі отырысының күн тәртібінің 8.11-тармағы бойынша ЕСКЕРТУІ 

   25 қараша 2005 жыл                               Мәскеу қ. 

Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама 

      "Келісімнің осы Хаттама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бөлігіндегі ережелер Молдова Республикасының осы саладағы ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес қолданылады". 

      Премьер-министрдің       бірінші орынбасары 

      Осы арқылы, ұсынылып отырған мәтін 2005 жылдың 25 қарашасында Мәскеу қаласында жасалған Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі болып табылатынын растаймын. 

      Қазақстан Республикасы       Сыртқы істер министрлігі       Халықаралық-құқықтық департаменті       Басқармасының бастығы 

      Ұйымдастыру және бақылау       департаментінің директоры 

Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, осы Келісімге қатысушы-мемлекеттердің Үкіметтері,       Экономикалық одақ құру туралы Шарттың ережелерін негізге ала отырып,       БҰҰ-ның адам құқығы саласындағы негіз қалаушы құжаттары мен Халықаралық Еңбек Ұйымы шеңберінде дайындалған принциптер ұстанымына орай;       Тараптар мемлекеттері арасындағы еңбек көші-қонының маңызы мен ауқымын түсіне отырып,       Осы Келісімге қатысушы-мемлекеттер арасында еңбек көші-қоны мен Тараптар мемлекеттері аумағында еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ұмтыла отырып,       төмендегі туралы келісті: 

1-бап 

      Осы Келісім бір Тарап мемлекеті аумағында тұрақты тұратын және басқа Тарап мемлекетінің аумағындағы кәсіпорындарда, мекемелерде және барлық меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс берушілер немесе жалдаушылар деп аталады) еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар (бұдан әрі - қызметкерлер деп аталады) мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік қорғау саласындағы Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттарын жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес реттейді.       Осы Келісім:       босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға;       қысқа мерзімге келген еркін кәсіп иелері мен әртістерге;       білім алу мақсатымен арнайы келген адамдарға қолданылмайды. 

2-бап 

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдардың мынадай мағыналары бар:       "еңбекші-мигрант (немесе қызметкер)" - шығу Тарапының аумағында тұрақты тұратын, жұмысқа орналастыру Тарапында заңды негізде ақылы қызметпен айналысатын адам;       "отбасы мүшелері" - еңбекші-мигрантпен некеде тұратын адам, сондай-ақ асырауындағы балалары мен жұмысқа орналастыру Тарабының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес отбасы мүшелері деп танылатын басқа да адамдар;       "жұмыс беруші (жалдаушы)" - меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан жұмысқа орналастыру Тарабында жұмыс беретін кәсіпорын, мекеме, ұйым;       "шығу Тарабы" - еңбекші-мигранттар аумағында тұрақты тұратын және жұмыс табу ниетімен басқа мемлекетке қоныс аударатын мемлекет;       "жұмысқа орналастыру Тарабы" - соның аумағында басқа мемлекеттен келген еңбекші-мигранттар өзінің еңбек қызметін еңбек шарты (контракті) жағдайларында жүзеге асыратын мемлекет;       "Өкілетті органдар" - Тараптардың осы Келісімді іске асыру мәселелерін шешу құзыретіне кіретін органдары;       "еңбек жағдайлары" - еңбек қызметі процесінде адамның денсаулығы мен еңбек қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы, сондай-ақ жұмыс уақыты мен үзіліс уақытының белгіленген ұзақтығы, демалыс беру, жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу. 

3-бап 

      Қызметкерлерді тартудың тәртібін, оларға қойылатын біліктілік, жасына байланысты және өзге де талаптарды, егер екі жақты келісімдермен өзгеше көзделмесе, жұмысқа орналастыру Тарабы өзінің аумағында қолданылатын заңнамаға қарай белгілейді.       Қабылданатын қызметкерлердің саны екіжақты келісім негізінде айқындалады. 

4-бап 

      Тараптардың әрқайсысы дипломдарды, білімі туралы куәліктерді, атақ, разряд, біліктілік берілгені туралы тиісті құжаттарды және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да құжаттар мен олардың шығу Тарабының аумағында белгіленген тәртіппен куәландырылған, жұмысқа орналастыру Тарабының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармаларын (растаусыз) таниды.       Жеңілдікті негіздердегі және мамандығы бойынша стажды қоса алғанда, еңбек стажын Тараптар өзара таниды.       Еңбекші-мигрант жұмысқа орналастыру Тарабынан түпкілікті кеткен кезде жұмыс беруші (жалдаушы) оған жұмысының ұзақтығы және ай сайынғы жалақысы туралы деректері бар анықтаманы немесе өзге құжатты береді. 

5-бап 

      Қызметкердің жұмысқа орналастыру Тарабына келуі, болуы және кетуі оның аумағындағы қолданылып жүрген заңнамаға және Тараптардың арасында жасалған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.       Тараптар жұмысқа орналастыру Тарабының заңдары мен шетел азаматтарының болу ережесін бұзған еңбекші-мигранттың еңбек қатынастарының мерзімінен бұрын тоқтатылуын және оның шығу Тарабына қайтарылуын талап ете алады. 

6-бап 

      Қызметкердің еңбек қызметі орналастыру Тарабының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру Тарабының мемлекеттік тілінде және орыс тілінде жасалған еңбек шартымен (келісімшартымен) ресімделеді, ол жұмысқа сапарға шыққанға дейін қызметкерге беріледі.       Еңбек шартында (келісімшартында) жұмыс беруші мен қызметкердің негізгі деректемелері, қызметкерге қойылатын кәсіби талаптар, жұмыстың сипаты, еңбек және оған еңбекақы төлеудің, жұмыс күні мен демалыстың ұзақтығы жағдайлары, сондай-ақ еңбек шартының қолданылу мерзімі, оның бұзылу шарттары, көлік шығыстарын өтеу тәртібі туралы деректер қамтылуға тиіс.       Қызметкерлер жұмысқа орналастыру Тарабының еңбек заңнамасымен белгіленген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады.       Егер еңбек шарты (келісімшартты) кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) таратылуына немесе қайта құрылуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты тоқтатылса, онда еңбекші-мигрантқа жұмысқа орналастыру Тарабының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілген негіздемелер бойынша босатылған қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар қолданылады. Мұндай жағдайда, еңбекші-мигрант жұмыс берушінің (жалдаушының) қаражаты есебінен шығу Тарабына қайтарылуға тиіс.       Еңбек шартын (келісімшартын) бір жұмыс берушіден (жалдаушыдан) екіншісіне беруге болмайды. 

7-бап 

      Жұмысқа орналастыру Тарабы қызметкерлерінің еңбек табысына салық салу жұмысқа орналастыру Тарабы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Тараптар қызметкерлердің тапқан табысына қайталап салық салуға жол бермейді. 

8-бап 

      Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің Тараптардың қолданыстағы заңнамасына немесе екі жақты келісімдерге сәйкес жеке мүлкін әкелуге және әкетуге құқығы бар. 

9-бап 

      Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтары құқықтарының кепілдіктері туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы Келісімге және немесе (және) екі жақты келісімдермен реттеледі. 

10-бап 

      Еңбекші-мигранттар, егер арнайы келісіммен өзгеше көзделмесе, жұмысқа орналастыру Тарабының аумағында қолданылатын заңнамаға сәйкес әлеуметтік сақтандыруды (зейнетақыдан басқа) және әлеуметтік қамсыздандыруды пайдаланады. Оларға медициналық қызмет көрсету жұмысқа орналастыру Тарабы жұмыс берушісінің (жалдаушының) есебінен сол Тараптың азаматтарымен бірдей деңгейде жүзеге асырылады. 

11-бап 

      Қызметкерге еңбек міндеттерін атқарумен байланысты мертігуден, кәсіптік аурудан не денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеудің тәртібі, егер жеке келісіммен өзгеше көзделмесе, жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасымен реттеледі. 

12-бап 

      Қызметкер қайтыс болған жағдайда, жұмыс беруші (жалдаушы) қайтыс болған адамның мәйіті мен жеке заттарын шығу Тарабына тасымалдауды қамтамасыз етеді, осыған байланысты барлық шығынды көтереді, адам өлімі фактісі жөніндегі материалдарды қоса отырып, осы Тараптың дипломатиялық немесе консулдық өкілдігін хабардар етеді. 

13-бап 

      Тараптар бірін бірі:       көші-қон және иммиграция саласындағы ұлттық заңнама туралы және еңбек, жұмыспен қамту, оның ішінде еңбекші-мигранттардың өмір сүру жағдайлары туралы басқа да нормативтік құқықтық актілер туралы;       Тараптардың еңбек рыноктарындағы ахуал туралы хабардар етеді.       Тараптар шығу Тарабы құзыретті органдарының осындай қызмет түрін жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ делдалдардың еңбекші-мигранттарды жұмысқа орналастыруының алдын алу мақсатында қажетті шараларды қабылдайды.       Жасырын немесе заңсыз иммиграцияға ықпал ететін кез келген адам жұмысқа орналастыру Тарабының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады. 

14-бап 

      Қызметкерлер жұмыс істеп тапқан жалақы қаражатын жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес және екі жақты келісімді ескере отырып шығу Тарабы аумағына аудара алады. 

15-бап 

      Тараптар осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей тиісті Өкілетті органдарды айқындайды. 

16-бап 

      Осы Келісімді орындауға байланысты мәселелердің бәрі Тараптардың Өкілетті органдарының өзара консультациялар жүргізу жолымен немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-елдердің еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңесі арқылы, ал қажет болған кезде - олардың үкіметтері арқылы шешіледі. 

17-бап 

      Тараптар осы Келісімге өзара келісім бойынша қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады, олар тиісті хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 

18-бап 

      Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның ережелері қызметкерлер жұмыс берушімен (жалдаушымен) жасасқан еңбек шарттарына (келісімшартына) қатысты, олар жасалған мерзім аяқталғанға дейін күшінде қалады. 

19-бап 

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді қатысушы-мемлекеттердің орындағанын растайтын үш тараптан депозитарийге хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді. 

20-бап 

      Осы Келісім оның мақсаттары мен принциптерін бөлісетін, оған қосылу туралы құжаттарын депозитарийге беру жолымен басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. 

21-бап 

      Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және әр жолы бір жылға өзінен өзі ұзартылатын болады. Тараптардың әрқайсысы өзінің осы Келісімнен шығу ниеті туралы тиісті кезең өткенге дейін кемінде алты ай бұрын жазбаша хабардар ету жолымен мәлімдей алады. 

      1994 жылғы 15 сәуірде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Беларусь Республикасы Үкіметінің Мұрағатында сақталады, ол оның расталған көшірмесін осы Келісімге қол қойған мемлекеттерге жібереді. 

      Әзірбайжан Республикасының      Молдова Республикасының             Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін 

      Армения Республикасының         Ресей Федерациясының          Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін 

      Беларусь Республикасының        Тәжікстан Республикасының           Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін       

      Грузия Республикасының          Түркіменстан Республикасының           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін 

      Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін 

      Қырғыз Республикасының          Украина Үкіметі үшін            Үкіметі үшін 

      Мәскеу - 15.04.94 

      Осы арқылы, ұсынылып отырған мәтіннің түпнұсқа данасы Беларусь Республикасы Үкіметінің Мұрағатында сақталатын, Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің аутентикалық көшірмесі болып табылатынын растаймын. 

      Беларусь Республикасы       Сыртқы істер министрінің       орынбасары 

      Осы арқылы, ұсынылып отырған мәтін 2005 жылдың 25 қарашасында Мәскеу қаласында жасалған Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімнің куәландырылған көшірмесі болып табылатынын растаймын. 

      Қазақстан Республикасы       Сыртқы істер министрлігі       Халықаралық-құқықтық департаменті       Басқармасының бастығы 

      Ұйымдастыру және бақылау       департаментінің директоры 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

693-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

693-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге...

Толық оқу »

169-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

169-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Татуластыру комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөнін...

Толық оқу »

15-бап. "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Заңы

15-бап. "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандартыЕң төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Заңы      "Жыл сайынғы негізгі...

Толық оқу »

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа...

Толық оқу »

Тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен қайтадан орындамаған немесе тиісінше қайтадан орындамауына байланысты еңбек шартын бұзу

Тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен қайтадан орындамаған немесе тиісінше қайтадан орындамауына байланысты еңбек шартын бұзуТәртіптік жазасы ба...

Толық оқу »

166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі ...

Толық оқу »

86-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің еңбек шартын жасаспай адамды жұмысқа жіберу

86-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің еңбек шартын жасаспай адамды жұмысқа жіберу 1. Жұмыс берушінің еңбек шартын жасаспай...

Толық оқу »

Еңбек өтілі фактісін анықтау.

Еңбек өтілі фактісін анықтау.Ең көп тарағаны-әдетте зейнетақы тағайындау, жалақыға пайыздық үстемеақы есептеу, еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы сыйақы төлеу және т. б. үші...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:      1) адам м...

Толық оқу »

214-бап. Еңбек сіңірген жылдарды және жалпы еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

214-бап. Еңбек сіңірген жылдарды және жалпы еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау орг...

Толық оқу »

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) ж...

Толық оқу »

90-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

90-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қол...

Толық оқу »

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбiҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73-бабында тәртiптiк жазаларды қолдану...

Толық оқу »

58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмы...

Толық оқу »

91-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

91-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бері...

Толық оқу »

187-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

187-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші:     ...

Толық оқу »

Зейнетақыны ресімдеу заңды маңызы бар фактіні анықтау кезінде еңбек өтілін есептеу туралы өтініш

Зейнетақыны ресімдеу заңды маңызы бар фактіні анықтау кезінде еңбек өтілін есептеу туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжат...

Толық оқу »

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұм...

Толық оқу »

Еңбек даулары - еңбек шартын жарамсыз деп бұзу, директордың орынбасары лауазымына қайта қабылдау туралы

Еңбек даулары - еңбек шартын жарамсыз деп бұзу, директордың орынбасары лауазымына қайта қабылдау туралыБ. "В" АҚ-ға 2019 жылғы 25 қыркүйектегі еңбек шартын бұзу туралы бұйрықт...

Толық оқу »

186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскерлерді...

Толық оқу »

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау"Кәсіптік одақтар туралы" ҚР Заңының...

Толық оқу »

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібіЕңбек шартын тараптардың келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 50-бабы) және жұмыскерді...

Толық оқу »

Басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне жұмыс жасағаны бойынша жұмыскермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы

Басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне жұмыс жасағаны бойынша жұмыскермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзы...

Толық оқу »

190-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

190-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі және оларды есепке алу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Ж...

Толық оқу »

152-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

152-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату не соттың жұмысқа қайта ор...

Толық оқу »

187-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі қабылдаушы тараптың міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

187-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі қабылдаушы тараптың міндеттері Қазақстан Республикасының Еңб...

Толық оқу »

15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы Уәкілетті органның қ...

Толық оқу »

20-бап. Еңбек мобильділігі орталығының құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

20-бап. Еңбек мобильділігі орталығының құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Еңбек мобильділігі орталығы: 1) жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайд...

Толық оқу »

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны нақты дәлелдермен бекітілуге тиіс.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан д...

Толық оқу »

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ...

Толық оқу »

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға оны сақтандыру жағдайы деп тануға негіз болып табылады

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға оны сақтандыру жағдайы деп тануға негіз болып табыладыЕңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін ТК-нің 186-бабының тәртібі...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің...

Толық оқу »

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріл...

Толық оқу »

208-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

208-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағ...

Толық оқу »

Тараптар арасында жасалған еңбек шарты жоқ болған кезде қатынастарды еңбек қатынастары деп тану туралы даулар

Тараптар арасында жасалған еңбек шарты жоқ болған кезде қатынастарды еңбек қатынастары деп тану туралы дауларЕңбек Кодексінің 33-б. 3-т. сәйкес адамды жұмысқа жіберу еңбек шар...

Толық оқу »

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Мынадай:      1) медициналық...

Толық оқу »

168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодекс...

Толық оқу »

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1048 26.10.2023 ж.Талапкер: "...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

148-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбек заңнамасын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу

148-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК еңбек заңнамасын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін бұзу 1. Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату, жұмыста қалпына келтіру туралы со...

Толық оқу »

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Ба...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта алу және жалақыны өндіріп алу туралы істердің соттылығы

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта алу және жалақыны өндіріп алу туралы істердің соттылығыАзаматтық процестік кодекстің 26-бабына сәйке...

Толық оқу »

153-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

153-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды а...

Толық оқу »

189-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

189-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны те...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезін...

Толық оқу »

696-бап. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

696-бап. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі      1. Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру еңбек инспекциясы актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Жүргізушінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру еңбек инспекциясы актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1048 26.10....

Толық оқу »

Адам саудасына байланысты қылмыстарды одан әрі еңбек немесе жыныстық қанау, оларға зиян келтіру немесе қайыр сұрау үшін пайдалану үшін жасау

Адам саудасына байланысты қылмыстарды одан әрі еңбек немесе жыныстық қанау, оларға зиян келтіру немесе қайыр сұрау үшін пайдалану үшін жасауАдам саудасына байланысты қылмыстар...

Толық оқу »

155-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

155-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Жұмыскерлердің республикалық және салалық бірлестікт...

Толық оқу »

143-2-бап. Мемлекеттік органдарда қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асыратын адамдардың, мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

143-2-бап. Мемлекеттік органдарда қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асыратын адамдардың, мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдардың еңбегін рет...

Толық оқу »

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.      2....

Толық оқу »

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздері

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздеріЖұмыскермен...

Толық оқу »

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:      1) жұмыскердің...

Толық оқу »

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.  ...

Толық оқу »

Жұмыскердің кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі салдарынан еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы

Жұмыскердің кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі салдарынан еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуыАқшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсете...

Толық оқу »

Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының еңбек қызметі аяқталғаннан кейін және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуі сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз болып табылмайды.

Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының еңбек қызметі аяқталғаннан кейін және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айр...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемеле...

Толық оқу »

Еңбек заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Еңбек заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-22-00-6ап/1257 12.01.2023 ж.Талапкер:"ҚР Ішкі істер министрлігі...

Толық оқу »

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған т...

Толық оқу »

Бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) қатарынан үш және одан да көп сағат ішінде жұмыскердің дәлелсіз себеппен жұмыста болмағаны үшін еңбек шартын бұзу.

Бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) қатарынан үш және одан да көп сағат ішінде жұмыскердің дәлелсіз себеппен жұмыста болмағаны үшін еңбек шартын бұзу.Еңбек кодексінің 53-бабының 6-...

Толық оқу »

37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Корпорат...

Толық оқу »

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға, мемлекеттік бажды және өкілдің қызметтерін төлеу бойынша сот шығыстарын өндіріп алуға еңбек өтіліне қабылдаудан бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға, мемлекеттік бажды және өкілдің қызметтерін төлеу бойынша сот шығыстарын өндіріп алуға еңбек өтіліне қабылдаудан бас тарту әрекеттерін заңсыз...

Толық оқу »

Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда бұзу негіздері

Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда бұзу негіздері Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастам...

Толық оқу »

191-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

191-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Қазақстан Республикасының ең...

Толық оқу »

14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кін...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »

Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.Өскемен қалалық соты Р.Ж.Р. «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не жұмысқ...

Толық оқу »

96-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру

96-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру 1. Еңбек қызметіне бай...

Толық оқу »

34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп кел...

Толық оқу »

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек...

Толық оқу »

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Шетел...

Толық оқу »

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарт...

Толық оқу »