29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы
1. Шақырушы адамның отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.
2. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің мынадай:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары шақырушы адамдары болып табылатын, осы Заңның 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен жалпы жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын;
2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, сондай-ақ жұмыс берушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жағдайларда, еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Отбасын біріктіру мақсатында келетін көшіп келушілер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы