42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы Ескерту. 42-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар квота шегінде беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шарттарда және тәртіппен экономиканың жекелеген салаларына жұмысқа тартылады.
2. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті.
Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы