240-бап. Борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл) Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде борышкер Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасында немесе шартта көзделген жағдайларда кредиторға төлеуге міндетті, ұйғарылған немесе танылған ақшалай сома борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл) түріндегі кіріс деп танылады.
Бұл ретте, егер бұл сомалар бұрын шегерімге жатқызылмаған болса, бюджеттен қайтарылған, негізсіз ұсталған айыппұлдар кіріс деп танылмайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
240-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс (залал) Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан болатын залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан болатын залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы