КТС және өсімпұл есептеу бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою
Аталған мәселе ауқымды инженерлік, мұнай сервистік, тау-кен өндіру және құрылыс объектілерін іске асыру үшін Қазақстанға құрылыс алаңын жобалауды, салуды, қадағалауды жүзеге асыра алатын, ноу-хауды, жаңа технологиялар мен бағдарламаларды бере алатын компаниялар шақырылатындығына байланысты өзекті болып табылады.
Тиісінше, бейрезиденттер персоналды ҚР-ға жіберу және құрылыс алаңдары арқылы тұрақты мекеме құра алады. Егер мұндай тұрақты мекеме нақты елмен Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияның 5-бабының уақытша тестіне сәйкес құрылатын болса, онда осындай тұрақты мекеме арқылы алынған кірістерге Қазақстанда салық салынуға тиіс.
Осылайша, осы салада тұрақты мекеме құру фактісін анықтау және оған ол арқылы да, оның бас офис арқылы да алынған пайданы жатқызу негізгі мәселелер болып табылады.
2023 жылғы 19 қаңтардағы №6001-22-006ап/1073 қаулысында мынадай жағдай талданды.
«Exalo Drilling» АҚ (бейрезидент) КТС мен өсімпұлды есептеу бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап қоя отырып, сотқа МКД-ға қарсы талап-арызбен жүгінді.
МАӘС-тың 2021 жылғы 19 қазандағы шешімімен және ӘІСА-ның 2022 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен талап-арыздан бас тартылды.
Жалпы МКД талапкерге:
1) шегерімдерді растайтын құжаттарсыз 69 323 048 теңге сомасына асырғандығын;
2) бас офистің жалпы әкімшілік және басқару шығыстарының (бұдан әрі –
«ЖАБШ») шегерімдерін 1 134 712 456 теңге сомасына асырғандығын;
3) 10% таза кіріске корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі – КТС) төмендетілген мөлшерлемесін негізсіз қолдануды тағады, бұл салықты 226 230 379 теңге мөлшерінде қосымша есептеуге алып келді.
Кассациялық шағымда талапкер көрсетілген барлық позицияларға шағымданады. Талапкер даулы сот актілерін шығарған кезде соттар материалдық немесе процестік құқықтың нормаларын бұзып, дұрыс қолданбағанын атап өтті. Атап айтқанда:
1) соттар Конституцияның 4-бабының 3-тармағын елемеді, оған сәйкес Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады;
2) даулы сот актілері 1995 жылғы 21 сәуірде ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның (бұдан әрі – «Конвенция») 10-бабының 6-тармағын бұзып шығарылған;
3) соттар КТС және қосылған құн салығы бойынша декларациялардың алшақтықтары Департаменттің филиал шегерімдерін алып тастауы үшін негіз бола алмайтындығы фактісін елемеді;
4) Компанияның сертификатты неғұрлым кеш мерзімде ұсыну мүмкіндігі туралы дәлелі ҚР Жоғарғы сотының қаулысымен расталады;
5) соттардың талап қоюдың ескіру мерзімдері бөлігіндегі қорытындылары салық төлеушінің адалдық қағидатын бұзады;
6) сот шешімі ӘРПК-нің 152-бабында
оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.
Апелляциялық сатыдағы сот осы іс бойынша осындай бұзушылықтарға мыналарға орай жол берді.
Конституцияның 4-бабының 3-тармағына, 2008 жылғы Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағына және 2017 жылғы Салық кодексіне сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңының 20-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы әрбір халықаралық шартын Қазақстан Республикасының міндетті және адал орындауына жатады деп көзделеді.
Сот алқасы 2020 жылдың 01 қарашасында салықтық тексеру аяқталғаннан кейін талапкер екенін анықтады:
- 2020 жылғы 26 қарашада Конвенцияның 25-бабына сәйкес Польшаның құзыретті органына Қазақстан Республикасының құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы № dкр11.9149.38.2020 арызбен жүгінді. Арызда жауапкер тексеру нәтижесінде көрсеткен барлық негіздер көрсетілген. Конвенцияның 3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда «құзыретті орган» – бұл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – ҚР Қаржымині) немесе оның уәкілетті өкілі;
- 2020 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Қаржыминіне хабарламаға № Kaz/2020/84 шағым жолдады.
2021 жылғы 3 ақпанда Польша Республикасының Қаржы, қорлар және өңірлік саясат министрлігі (Конвенцияның мақсаттары үшін Польшаның құзыретті органы, бұдан әрі – ПР Қаржымині) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР Қаржымині МКК) атына А.Бағыбаев пен А.Нұрпейісовке (ЭЫДҰ ақпаратына сәйкес байланыс деректері) талапкердің арызының көшірмесімен бірге өзара келісу рәсімін өткізу туралы электрондық хат жолдады.
Кассациялық алқаның сот отырысында А.Бағыбаев (ҚР Қаржымині департамент директорының орынбасары) бұл сауалды алғанын, алайда оның ҚР Қаржымині МККден жұмыстан шығуына және ҚР Қаржыминіне ауысуына байланысты ол кезеңде қаралмағанын және назардан тыс қалғанын түсіндірді.
2021 жылғы 21 маусымда ҚР Қаржымині ПР Қаржыминінің сауалын ескерместен, хабарламаны өзгеріссіз қалдыру туралы № 004-ДА/ЗТ-П-3735 шешім шығарды, ал талапкердің шағымдары қанағаттандырылмады.
2021 жылғы 23 тамызда ПР Қаржымині Қазақстан Республикасының атына қайтадан жазбаша арыз жолдады. А.Бағыбаев бұл сауалды алғанын растады. Алайда, талапкер МАӘС-қа әкімшілік талап-арыз бергендігіне орай, бұл сауал да жауапсыз қалды.
Сонымен қатар, Конвенцияның 25-бабының 1-тармағына сәйкес, егер адам Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де әрекеттері осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес емес салық салуға алып келеді деп есептесе, ол осы Мемлекеттердің ішкі заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өз ісін өзі резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдарына қарау үшін ұсына алады.
Осылайша, Конвенцияның осы нормасына сәйкес Қоғам Польшаның резиденті бола отырып, Конвенцияға сәйкес емес оның салық салу тәртібін бұзушылықтарды жою мақсатында өзара келісу рәсімін жүргізу үшін ПР Қаржыминіне жүгінді.
Конвенцияның 25-бабының 2-тармағына сәйкес құзыретті орган, егер ол талапты негізді деп санаса және егер ол өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болғызбау мақсатында мәселені екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісім бойынша шешуге ұмтылатын болады.
Осылайша, ПР Қаржымині наразылықты негізді деп тауып, Қазақстан Республикасының құзыретті органына жүгінді.
Конвенцияның кіріспесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу үшін екі Мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени байланыстарды нығайтуға және дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып, Конвенция жасады.
Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының (бұдан әрі – Вена конвенциясы) 31-бабына сәйкес:
Шарттардың контекстінде олардың терминдеріне берілуге тиіс әдеттегі мағынаға сәйкес, сондай-ақ шарттың объектісі мен мақсаттарына орай Шарт адал түсіндірілуге тиіс.
Шартты түсіндіру мақсатында контекст кіріспені қоса алғанда, мәтіннен басқа қосымшаларды да қамтиды.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сот алқасы халықаралық шарттың, атап айтқанда Конвенцияның ережелерін адал орындау негізінде екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған және Қаржымині бастамашы болған өзара келісу рәсімі жүргізілуге тиіс деп санайды.
Бұл ретте Вена конвенциясының 26 және 27-баптарына сәйкес, раста sunt servanda – әрбір қолданыстағы шарт оған қатысушылар үшін міндетті және олар оны адал орындауға тиіс. Қатысушы шартты орындамауы үшін ақтау ретінде ол өзінің ішкі құқығының ережелеріне сілтеме жасай алмайды.
Осылайша, сот алқасының пікірінше, Қоғамның сотқа талап-арыз беруі ҚР Қаржыминінің не оның ҚР Қаржымині МКК уәкілетті өкілінің өзара келісу рәсімін жүргізу міндеттемесін тоқтатпайды.
Бұдан басқа, ӘРПК-нің 427-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес, егер сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешсе, кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады. Бұл іске мүдделі тұлғалар ретінде қатысу үшін Польша тарапымен өзара келісудің бастамашылық рәсіміне орай ҚР Қаржымині мен ҚР Қаржымині МКК-ні тартқан жөн.
Баяндалғанды ескере отырып, сот алқасы істі толық, жан-жақты және объективті қарау үшін әкімшілік істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберу және өзара келісу рәсімінің нәтижесін ескере отырып шешім шығару қажет деп санайды.
Қорытындылар:
Жалпы, халықаралық шарттарды қолдану және ҚР Үкіметінің халықаралық міндеттемелерді орындауы мәселесі қойылған барлық шағымдарда ЖС ӘІСА келісімдердің бағыты мен мақсаттарын қатаң сақтайды. Көрсетілген міндеттемелерді орындамау елдің беделіне теріс әсер етуі және шетелдік инвесторларды Қазақстанға тарту кезінде салдары және республика үшін жобалардың қымбаттауы болуы мүмкін.
Тиісінше, қосарланған салық салу фактілері орын алған тікелей салық төлеуші қорғау үшін Польшаның уәкілетті органына жүгінгендіктен және Конвенцияда көзделген рәсімге бастамашылық жасалғандықтан, істі кешенді және әділ шешу үшін ҚР Қаржыминін мүдделі тарап тартуға тиіс.
Жалпы, әрбір әкімшілік орган өзіне жүктелген функцияларды уақтылы жүзеге асыруға тиіс. Бұл мәлімдеме Министрліктер үшін де әділ. Сотқа дейінгі тәртіппен қаралуы мүмкін барлық мәселелер, олар шындығында сотқа дейін шешілген жағдайда, Үкіметке мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік беруге тиіс.
Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық органдары өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндірмелерді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті. Мұндай түсіндірмелер мен түсініктемелер, сондай-ақ әдістемелік ұсынымдар, оның ішінде уәкілетті органның әдістемелік ұсынымдары нормативтік құқықтық актілерге жатпайды. Сот оларды салық заңнамасының нормаларына сәйкестігін ескере отырып бағалауға тиіс...
Салық саясатын (жаңа салықты және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы) салық саясаты саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады...
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады (Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағы). Конституцияның 4-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады...
Егер ратификацияланған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық салу құқығы берілсе, бірақ ұлттық заңнамада аталған құқық жүзеге асырылмаса (жеңілдік болса), онда ұлттық заңнама қолданылуға жатады...
Қосарланған салық салуды болғызбау туралы конвенцияларды түсіндіру кезінде, егер мұндай түсіндіру қағидалары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2059-XII қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы қосылған Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес келсе, халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсіндірудің жалпы қағидалары қолданылады...
Заңды тұлғаны тарату (тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану) туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда салықтық бақылау жүргізу туралы мәселені шешу салық органының өкілеттігіне кіреді және салық заңнамасында көзделген шаралар қабылданған кезде ғана контрагенттердің құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін, олар салық органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту шеңберінде өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға құқылы...
АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған жағдайда, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдай алатындығы соттарға түсіндірілсін.
Жоғарыда көрсетілген белгілер жиынтығының болмауы талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады, өйткені салық органдарының өзге де ден қою тәсілдері бар...
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу тіркеуші органның әкімшілік актісі болып табылады, осыған байланысты мұндай қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс...
Соттар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық құқықтық қатынастарға қатысушылар ағымдағы салық кезеңінде алдыңғы салық кезеңдеріне қатысты әрекеттер жасаған кезде Салық кодексінің бес жылдық талап қоюдың ескіру мерзімі туралы күші жойылған нормасын қолдануға құқылы емес екендігін ескергендері жөн, өйткені Салық кодексінің қолданыстағы нормасы бойынша мұндай мерзім, егер Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, үш жылды құрайды.
Салық органдары талап қоюдың ескіру мерзімінің шегінен тыс салық төлеушіге және (немесе) салық агентіне талап қоюға құқылы емес. Бұл ретте Салық кодексі талап қоюдың ескіру мерзімімен өсімпұлды есептеуді шектемейді.
Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салықтық тексеру жүргізу кезінде оның тоқтатыла тұруын ескере отырып, талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі жеті жылдан аспауға тиіс.
Көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді тоқтата тұрған кезде салық органы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-IV Заңының 8-бабының талаптарын сақтауға тиіс.
Ескіру мерзімінің өтуі сұрау салу жіберілген кезде тоқтатыла тұруы мүмкін, ол мынадай:
мемлекеттің құзыретті органына (ұйымына) жолданған;
дербестендірілген, тексерілетін салық төлеушіге қатысты жасалған;
тексеру нысанасына кіретін мәселелер бойынша енгізілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Соттар сұрау салу жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мұндай сұрау салу жіберілген болып есептелмейтінін ескергені жөн...
Мемлекеттік кіріс органдары есептеген, есепке жазған және салық төлеушілерге талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде төлеуге ұсынған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу туралы салықтық талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі туындаған салықтық міндеттемені тоқтатпайды және салық төлеушіні оны орындаудан босатпайды...
Салық органының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомасын есепке жазуға немесе қайта қарауға құқығын және салық төлеушінің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығын бөлу қажет. Мәселен, салық төлеушінің бюджеттен салықтарды қайтару құқығын іске асыру кезінде салық органы салықтардың есептелген сомасын есептемейді және қайта қарамайды, бірақ бюджеттен салықтарды қайтаруды растайды не растаудан бас тартады.
Осыған байланысты, салық төлеушілердің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығына қатысты талап қоюдың ескіру мерзімін есептеу кезінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған күнді емес, Салық кодексінің 101-бабы 4-тармағының 1) тар мақшасында көзделген салықтық өтінішті немесе Салық кодексінің 431-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген ҚҚСның асып кету сомасын қайтару туралы талапты салық органының қабылдау (тіркеу) күнін назарға алған жөн...
Егер талап қоюшы мемлекеттік бажды бюджеттік сыныптаманың қате кодына не толық мөлшерде төлемесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес судья талап қоюшыға осы кемшіліктерді көрсетеді және оларды түзету үшін мерзім белгілейді...
Салық төлеушінің Салық кодексінде белгіленген мерзімде Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағында көрсетілмеген және Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме беруі камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы деп танылады және олардың негізділігін мәні бойынша тексеруді талап етпейді.
ӘРПК-нің 135-бабының екінші бөлігіне сәйкес (тану туралы талап қою) талап қоюшы бұдан былай заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тануды талап етуі де мүмкін, сондықтан камералдық бақылау нәтижелері бойынша орындалған хабарламаға дау айту туралы талап қоюлар соттың қарауына жатады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы қойылған талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға дау айту туралы талап қоюларды қарау кезінде сот тіркелуі (қайта тіркелуі) Салық кодексінің 96-бабы 5-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылған осы заңды тұлғадан және (немесе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын растау үшін салық төлеуші ұсынған дәлелдемелерге баға беруге және оларды зерттеуге міндетті.
Барлық өзге жағдайларда сот салық органында оның талаптарының мәні бойынша негізділігін тексермей хабарлама шығару үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғын анықтауы жеткілікті. Олай болмаған жағдайда болашақ салықтық тексерулердің, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындамау мәселесі бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексерулердің нәтижелері алдын ала шешілетін болады.
Салық органы:
түсініктеме салық төлеушінің ұсынуына жатпайтын (Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағы) және бұзушылықтар жойылмаған;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға түсініктеме ұсыну не шағым беру үшін Салық кодексінде белгіленген мерзім өткізіп алынған және бұзушылықтар жойылмаған;
заңды күшіне енген сот шешімімен Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушіге шығарылған хабарламаны заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған және бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда да хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығаруға құқылы.
Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымды (талап қоюды) салық төлеуші оны жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа берген (алған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.
Шағым (талап қою) берілуі мүмкін органды таңдау құқығы салық төлеушіге тиесілі...
Бұл ретте Салық кодексінің 117-бабының 3-тармағына сәйкес салық органдарының тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін салықтардың есептелген сомаларын қайта қарауы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғалардан мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есептелмейтінін назарда ұстаған жөн...
Талап қоюшылардың салық органдарының әрекеттері мен актілеріне шағым жасауының барлық кезеңдерінде сот әкімшілік қарау болған жағдайларда тараптарды татуластыру және дауды салық органының өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қарастыруы керек (мысалы, техникалық қателер болған кезде ақпараттық жүйелерге өзгерістер енгізу, камералдық бақылау хабарламалары үшін "орындалған" мәртебесін көрсету және тағы басқа)...
ӘРПК-нің 98-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес өтініш берушіге зиян келтіру үшін шағым жасауға жол берілмейді. Салық кодексінің 186-бабының тәртібімен тақырыптық тексеру салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау барысында тағайындалатындықтан, уәкілетті орган тексеру нәтижелері бойынша дау айтылған хабарламада есепке жазылмаған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың қосымша сомаларын есепке жазу туралы шешім қабылдай алмайды.
Жоғары тұрған органның (уәкілетті органның) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімі сотта дау айтудың нысанасы бола алмайды, өйткені ол құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз қалдырылған кезде көрсетілген хабарламаға, ал оның бір бөлігінің күшін жойған кезде – шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған хабарламаға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Салық кодексінің 148-бабына сәйкес нұсқама салықтық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
Тексеруді тағайындау туралы акт ретінде нұсқама сот дауының дербес нысанасы болуы мүмкін, өйткені ол салық органының билік өкілеттіктерін жүзеге асыруы шеңберінде шығарылады, салық төлеуші (салық агенті) үшін құқықтық салдарға әкеп соғады...
Жоспардан тыс тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 3-тармағында және Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағында көрсетілген негіздер болмаған кезде тағайындалуы және жүргізілуі мүмкін емес. Мұндай тексерулер тексеру жүргізу үшін негіздер болмаған кезде шығарылса Кәсіпкерлік кодекстің 156-бабы 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жарамсыз, ал оларды тағайындау туралы актілер заңсыз деп танылуға және олардың күші жойылуға жатады.
Салық кодексінің 159-бабы ережелерінің негізінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім салық органы салықтық тексеру нәтижелеріне қатысты шығарған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады. Салық төлеуші (салық агенті) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі міндеттемелердің есепке жазылған сомаларымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды руға әлеуметтік аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеумен және төлеумен, залалдарды азайтумен, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталған ҚҚСның және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кету сомаларын қайта рудың расталмауымен келіспеген жағдайда, сот тәртібімен хабарламаға ғана шағым жасалады. Сот дау айтылған сомаларды есепке жазудың заңдылығын салықтық тексеру актісінде жазылған тұжырымдарды ескере отырып тексереді.
Егер салық төлеуші салықтық тексеру актісінің жоғарыда келтірілген салдарларға әкеп соқпаған, алайда өзінің құқықтары мен міндеттеріне, оның ішінде болашақ салық кезеңдерінде де әсер ететін тұжырымдарымен келіспесе, аталған акті даулануы мүмкін. Тексеру актісіне шағым жасау салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағым жасау ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау салық төлеушіні орындалған хабарламаға Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасау құқығынан айырмайды.
Салықтық тексеру актісінің мазмұны Салық кодексінің 158-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Салық органының салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының бұзушылығы туралы тұжырымдары заңнама нормаларына сілтеме жасалып, бұзушылықтар туралы куәландыратын дәлелдер негізделіп және мән-жайлар ашылып, баяндалуы тиіс.
ӘРПК-нің 129-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талап қоюды қарау кезінде салық органы салықтық тексеру актісінде жазылған салық төлеушінің салық және өзге де заңнаманы бұзғанын куәландыратын тұжырымдар мен негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады...
Салық кодексінің 6-бабында белгіленген салық салудың айқындылығы қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының салықтары мен бюджетке төленетін төлемдері айқын болуға тиіс.
Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді...
Салық органының даулы актіні қабылдауы үшін негіз болған мәнжайларды дәлелдеу міндеті салық органына жүктеледі...
ӘРПК-нің 128-бабының ережелерін ескере отырып, салық органына салық төлеушіде салық пайдасы туындауының заңсыздығы дәлелдемелерін сотқа ұсыну бойынша міндет жүктелген.
Салық төлеуші салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға не Салық кодексінің 18-тарауының 2-параграфында белгіленген салықтық тексерулер жүргізу тәртібі мен мерзімдерін салық органының бұзушылықтарының негізі бойынша тексеру актісіне дау айтқан кезде сот жол берілген бұзушылықтардың сипатын және олардың тексеру нәтижелерінің заңдылығы мен негізділігіне әсерін бағалауды негізге алуы керек. Атап айтқанда, Салық кодексінің 148-бабына сәйкес салықтық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылатын нұсқамасыз не кейіннен заңсыз деп танылған нұсқаманың негізінде жүргізілген тексеру нәтижелері заңсыз деп танылуға жатады.
Егер Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 1-тармағын бұза отырып, қарсы тексеруді қоспағанда, салықтық тексеруді жүргізуге арналған нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелмеген болса, жоғарыда көрсетілген салдарлар туындайды...
Қысқартулар
ӘРПК – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс
АПК – Әкімшілік процестік кодекс
Салық кодекс – Қазақстан Республикасының «Салық және бютжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
МКД, Департамент – Мемлекеттік кірістер департаменті
МКБ, Басқарма – Мемлекеттік кірістер басқармасы
ҚК – Қылмыстық кодексі
ҚПК – Қылмыстық-процестік кодексі
КПН – корпоративтік табыс салығы
ҚҚС – қосымша құн салығы
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы