267-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы