79-бап. Сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау жөнiндегi әрекеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскеннен кейін үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, атқарушылық құжатта көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi және тәркіленуге жататын мүліктің тізімдемесін жасайды.
2. Тiзiмдемеде әрбiр заттың толық және нақты атауы, оның айырым белгiлерi, оның iшiнде түсi, мөлшері, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамалары көрсетiледi. Тiзiмделген заттарға пломба салынады, сүргі соғылады және сақтауға беріледі, бұл туралы тiзiмдемеге белгi жасалады.
3. Сот орындаушысы тәркiленуге жататын және тiзiмдемеге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады.
4. Сотталған адамның ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы