669-бап. Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Судья тәркілеуді қолдану туралы мәселені жеке-дара шешеді.
2. Сот талқылауы осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодекстің ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
Судья қосымша материалдарды зерттеу қажет болған кезде қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы.
3. Сот отырысына өтінішхатпен жүгінген прокурор қатысады.
4. Сот отырысына қаралып отырған өтінішхатқа қатысты айғақтар беру үшін күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы қатысып отырған кезде – оның өтінішхаты бойынша басқа адамдар да шақырылуы мүмкін.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы