28-бап. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес Табиғи монополиялар туралы Заңы
1. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес уәкілетті органның жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, уәкілетті органның және өзге мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін.
3. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес табиғи монополиялар салаларындағы тариф белгілеудің проблемалық мәселелері жөніндегі комиссияны құруға құқылы.
4. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын уәкілетті орган бекітеді.
5. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес:
1) уәкілетті органға табиғи монополиялар салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) уәкілетті органға консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдау көрсетеді;
3) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына қатысуға қоғамдық, ғылыми және өзге де ұйымдарды тартуға жәрдемдеседі;
4) уәкілетті органға тарифті индекстеу деңгейін және тарифтің болжамды индексін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) уәкілетті органға табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) уәкілетті органға тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерін тізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 8) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) уәкілетті органның қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шарттарын келіседі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы