124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3-1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбелерін бекітеді;
4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады;
5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;
5-1) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды:
шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауына;
шекті бағаларда ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражаттың пайдаланылмауына;
шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуіне;
табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан асып кетуге байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендетеді;
6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді;
7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне осы Кодексте көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізеді;
8) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқамаларды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;
9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолданады; - Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 17 шiлдедегi № 213-VIII ҚРЗ
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен және табиғи монополия субъектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін, оның ішінде өтініштерді қарау және мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;
10-1) 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VІ Заңымен.
10-2) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеуші төлемді есептеу және төлеу қағидаларын теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
10-3) осы Кодекстің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы