9-2-бап. Байланыс желілерінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия Байланыс туралы Заңы
1. Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды;
3) Киберқауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық сүйемелдеуді;
4) байланыс операторларының байланыс желілерін Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосу үшін порт сыйымдылығын жалға беруді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
Ескерту:
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес, 3-бап.. "байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылуы бар байланыс операторлары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен порт сыйымдылығын жалға алу арқылы өздерінің байланыс желілерінің қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы