Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі Табиғи монополиялар туралы Заңы

24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі Табиғи монополиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі Табиғи монополиялар туралы Заңы 

      1. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі: 

       1) осы Заңның 25-бабында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырумен, ол болмаған жағдайда, оны уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынумен, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде орналастырумен және (немесе) оны жаңартып отырумен;  

      2) бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау (құрылыс салу схемасы) жобасына сай инженерлік коммуникацияларды дамыту жоспарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар берумен; 

      3) тұтынушының реттеліп көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды орындауымен; 

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қосумен немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтумен; 

       5) реттелетін қызметті көрсетуге шарт жасасумен қамтамасыз етіледі.  

       2. Табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды табиғи монополия субъектісі осы Заңда белгіленген мерзімде береді.  

       3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талабы осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды. 

      4. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу осы Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, мынадай кезеңдерден тұрады: 

      1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде сәулет және қала құрылысы органы қалыптастыратын және электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жіберетін, техникалық шарттарды беруге өтініш; 

      2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға өтінішін қарауы; 

      3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жіберуі; 

      4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын, техникалық шарттарды беруге өтінішті қарау нәтижесін беру; 

      5) тұтынушының техникалық шарттарға сәйкес жұмыстарды жүргізуі; 

       6) тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісі желілеріне қосуға әзірлігі туралы хабарлауы.  

      5. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе уәкілетті органның цифрлық жүйесі немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады. 

      Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтінішті қабылдау астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда электрондық нысанда ғана жүзеге асырылады. 

       Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін арналған ұлғайтуға техникалық шарттарды беруге өтініш қабылданған және оны қарау нәтижелері берілген кезде Мемлекеттік корпорация тұтынушыдан осы қызметтерді көрсеткені үшін төлемақы алады.  

      6. Алып тасталды - ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      7. Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруді табиғи монополия субъектісі: 

      1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде; 

      2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар үш жылға беріледі және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде ұсынылады.

      7-1. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады. 

      Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі. 

      8. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініштің нысаны мен өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді. 

      Техникалық шарттар табиғи монополия субъектісінің қосылатын желілеріне, материалдарға, жабдықтарға, құрылғыларға, есепке алу аспаптарына қойылатын талаптардың түбегейлі тізбесін айқындауға тиіс. 

      9. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтінішті табиғи монополия субъектісі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы қайтарады. 

      10. Реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне: 

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға; 

      2) реттелетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге; 

       3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға;  

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға; 

      5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге; 

       6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.  

       11. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтініш осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қаралады, оны қараудың қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісі: 

      1) техникалық шарттарды береді; 

      2) техникалық шарттарды беруден бас тартады. 

      12. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға: 

      1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттері болмаған; 

      2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүлік болмаған жағдайда жол беріледі. 

      13. Техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі: 

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді; 

       2) уәкілетті органға техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің тапшылығы немесе табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүліктің жоқ екені есептелген уәжді негіздеме жібереді.  

       14. Құрылыс объектісін қосуға арналған техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосудың балама көздерін табиғи монополия субъектісі ұсынады және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды дамыту жоспарына сәйкес орталықтандырылған коммуникация желілеріне қосылу мерзімдерін көрсетеді.  

      15. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алуға байланысты: 

      1) жеті жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беруден бас тартудың негізділігін растайтын немесе табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеруге бастамашылық жасау үшін уәкілетті органға шағым берудің қажеттігі туралы хат жібереді; 

      2) бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің болмау фактісі анықталған немесе табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін табиғи монополия субъектісінің қажетті өзге де мүлкі болмаған кезде табиғи монополия субъектісіне экономикалық жағынан орынды болған кезде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту және реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үшін жағдайлар жасау қажеттігі туралы хабарлайды. 

      15-1. Техникалық шарттарды монополистердің тікелей түзетуіне жол берілмейді. 

      16. Жұмыстар аяқталғаннан кейін тұтынушы табиғи монополия субъектісіне жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы хабарлайды, ол ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігін тексеруді жүзеге асырады. 

      Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

      17. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі құрылыс объектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзір емес екендігі туралы тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды. 

      Анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін тұтынушы жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы қайта хабарлайды. 

      18. Реттеліп көрсетілетін қызметке қосу мынадай жұмыстарды қамтиды: 

      табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні ажыратуы; 

      тұтынушыны қолданыстағы желіге қосуды жүргізу; 

      табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні қосуы. 

      19. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы реттелетін қызметті көрсету туралы шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

30-бап. Жылумен жабдықтау субъектілері мен тұтынушылар арасындағы шарттардың түрлері Жылу энергетикасы туралы Заңы

30-бап. Жылумен жабдықтау субъектілері мен тұтынушылар арасындағы шарттардың түрлеріЖылу энергетикасы туралы Заңы      1. Жылумен жабдықтау субъектілері мен тұтынушылар арасын...

Толық оқу »

31-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеу жөніндегі міндеттері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

31-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне кел...

Толық оқу »

5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгеріміРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу қызмет н...

Толық оқу »

Сауда, қызмет көрсету шеңберіндегі шарттардан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

Сауда, қызмет көрсету шеңберіндегі шарттардан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Осы санаттағы істерді реттеудің құқықтық негіздерін құрайды:- Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы Электр энергетикасы туралы Заңы

15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуыЭлектр энергетикасы туралы Заңы      1. Энер...

Толық оқу »

Аудандық сотқа тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою.

Аудандық сотқа тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою.Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына.Талапкер: АГТ23.03. 19...

Толық оқу »

Тұтыну кооперативінен шығуына байланысты өзара жарналарды өндіріп алу туралы сотқа талап қою

Тұтыну кооперативінен шығуына байланысты өзара жарналарды өндіріп алу туралы сотқа талап қоюБатыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотыБатыс Қазақстан облысы, 090000 Орал қ....

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыретіТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Үкіметі:...

Толық оқу »

15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді  тұтынушының жолданымдарын қарау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы      Іс-қи...

Толық оқу »

124-9-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

124-9-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік...

Толық оқу »

92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Су Кодексі

92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Су Кодексі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыСу кодексініңкүші жойылды деп танылсын,...

Толық оқу »

92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері Қазақстан Республикасының Су Кодексі

92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері Қазақстан Республикасының Су Кодексі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыСу кодексініңкүш...

Толық оқу »

190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі     1. Сауда қызм...

Толық оқу »

28-бап. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің және тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері Жылу энергетикасы туралы Заңы

28-бап. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің және тұтынушылардың құқықтары мен міндеттеріЖылу энергетикасы туралы Заңы      1....

Толық оқу »

3-бап. Тұтыну кооперативiнiң құрылуы мен қызметiнiң негiзгі принциптерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы

3-бап. Тұтыну кооперативiнiң құрылуы мен қызметiнiң негiзгі принциптерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы      Тұтыну кооперативтерi:      кiру және шығу ерiктiлiгi;      мүлiктi...

Толық оқу »

ҚФР жанындағы Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтініш

ҚФР жанындағы Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтінішНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің ныс...

Толық оқу »

29-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

29-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеріТұтынушылардың құқықтарын қорғау ту...

Толық оқу »

190-бап. Тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауар өткізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

190-бап. Тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына...

Толық оқу »

10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тау...

Толық оқу »

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кәсіпкерлері мен тұтынушыларының құқықтарын қорғау

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кәсіпкерлері мен тұтынушыларының құқықтарын қорғау Кәсіпкерлікті дамыту тұрақты, белсенді және тиімді нарықты...

Толық оқу »

21-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның моральдық зиянын өтеу құқығы

21-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның моральдық зиянын өтеу құқығы Сатушының (дайындаушының, Орындаушының) Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтары...

Толық оқу »

5-бап. Тұтыну кооперативiнiң атауы және орналасқан жерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы

5-бап. Тұтыну кооперативiнiң атауы және орналасқан жерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы       1. Тұтыну кооперативiнiң атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысаны...

Толық оқу »

15-бап. Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар  Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

15-бап. Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптарОйыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Ойыншықты тұтынушыға арналған ақпаратта мынадай деректер міндетті түрде...

Толық оқу »

Бәсекелестіктегі жосықсыздықтың міндетті белгісі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушыны тауардың немесе оны өндірушілердің сипатына, өндіріс тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты жаңылыстыру болып табылады

Бәсекелестіктегі жосықсыздықтың міндетті белгісі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушыны тауардың немесе оны өндірушілердің сипатына, өндіріс тәсілі мен орнына, тұтынуш...

Толық оқу »

100-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесі Қазақстан Республикасының Су кодексі

100-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесі Қазақстан Республикасының Су кодексі 1. Сумен жабдықтау желісіндегі баланстық тиесілікті бөлу шекарасы...

Толық оқу »

190-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін тұтынушыларды алдау

190-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін тұтынушыларды алдау 15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛ...

Толық оқу »

Тұтынушыларды адастыру болмаған кезде тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану бәсекелестіктің жосықсыз болуы болып табылмайды және құқық бұзушылық құрамын құрмайды

Тұтынушыларды адастыру болмаған кезде тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану бәсекелестіктің жосықсыз болуы болып табылмайды және құқық бұзушылық құрамын құрмайдыДепартамент басшы...

Толық оқу »

110-бап. Су тұтынушылар елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне ағызатын сарқынды суларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Су кодексі

110-бап. Су тұтынушылар елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне ағызатын сарқынды суларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Су кодексі Сарқынды сулар...

Толық оқу »

111-бап. Сумен жабдықтау және су бұру саласында су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Су кодексі

111-бап. Сумен жабдықтау және су бұру саласында су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Су кодексі 1. Елді мекендерде сумен жабдықтау және (немесе...

Толық оқу »

6-2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

6-2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Қазақ...

Толық оқу »

Тіс имплантын орнату бойынша сапасыз көрсетілген қызметтерге байланысты тұтынушының құқықтарын қорғау туралы

Тіс имплантын орнату бойынша сапасыз көрсетілген қызметтерге байланысты тұтынушының құқықтарын қорғау туралы2024 жылғы 26 шілдеде талап қоюшы тіс имплантын орнату мәселесі бой...

Толық оқу »

7-бап. Тұтыну кооперативiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы

7-бап. Тұтыну кооперативiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы      1. Тұтыну кооперативi өзiнiң орналасқан жерiнен тыс жерде Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

9-1-бап. Нетто-тұтынушыларды энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату шарттары Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

9-1-бап. Нетто-тұтынушыларды энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату шарттарыЖаңартылатын энергия көздерін пайда...

Толық оқу »

12-бап. Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау құқығы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

12-бап. Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау құқығыТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      Тұтынушының азаматтық айналымнан алынып қо...

Толық оқу »

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеу

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеуСотта қарау үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылардың мүд...

Толық оқу »

Сапасыз тауарлармен, қызметтермен тұтынушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

Сапасыз тауарлармен, қызметтермен тұтынушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруІстердің жалпыланған санаты бойынша даудың мәні тұтынушының бұзылған құқықтарын қалпына келтір...

Толық оқу »

Тұтынушының құқықтарын қорғау, залалдарды өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою

Тұтынушының құқықтарын қорғау, залалдарды өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюАлматы қаласы Алмалы ауданының№2 аудандық сотынаТалап қоюшы: А.Г.Т.туған күні:...

Толық оқу »

300-бапқа түсініктеме. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің белгіленген энергия тұтыну режимдерін бұзу

300-бапқа түсініктеме. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсі...

Толық оқу »

6-3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

6-3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпара...

Толық оқу »

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері  Тұтыну кооперативі туралы Заңы

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері Тұтыну кооперативі туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасында кооперативтік қозғалысты ұйымдастыру мен дамытуды қамтам...

Толық оқу »

1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған...

Толық оқу »

300-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

300-бап. Электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану...

Толық оқу »

Бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұтынушыларға берілген түбіртектердегі газ есептегіштерінің көрсеткіштерін жоғарылату тұтынушыларды кемсітудің көрінісі емес

Бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұтынушыларға берілген түбіртектердегі газ есептегіштерінің көрсеткіштерін жоғарылату тұтынушыларды кемсітудің көрінісі ем...

Толық оқу »

40-бап. Қосалқы тұтынушылардың жылу энергиясын есепке алу ерекшеліктері Жылу энергетикасы туралы Заңы

40-бап. Қосалқы тұтынушылардың жылу энергиясын есепке алу ерекшеліктеріЖылу энергетикасы туралы Заңы      1. Қосалқы тұтынушылар тұтынушымен өзара келісу бойынша жылу энергияс...

Толық оқу »

8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптарТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған...

Толық оқу »

19-бап. Электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi Электр энергетикасы туралы Заңы

19-бап. Электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерiЭлектр энергетикасы туралы Заңы      1. Электр энергиясын тұтынушылардың:      1) жасалған шарттарға сәйкес эл...

Толық оқу »

17-бап. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

17-бап. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдеріТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты...

Толық оқу »

715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау...

Толық оқу »

29-бап. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң мүлiктегі өз үлесiне билiк етуi Тұтыну кооперативі туралы Заңы

28-бап. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мүлiктегi үлесi Тұтыну кооперативі туралы Заңы       1. Тұтыну кооперативiнiң барлық мүшелерiнiң тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi (мүлi...

Толық оқу »

26-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

26-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттеріТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Сат...

Толық оқу »

29-бап. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің және тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері Жылу энергетикасы туралы Заңы

29-бап. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің және тұтынушылардың құқықтары мен міндеттеріЖылу энергетикасы туралы Заңы      1. Жергілік...

Толық оқу »

42-8-бап. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

42-8-бап. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеуТұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) осы Заңның 33-2-бабына сәйке...

Толық оқу »

33-бап. Тұтыну кооперативiнен шығарылуға тиiстi тұтыну кооперативi мүшесiнiң үлесiн бөлiп беру Тұтыну кооперативі туралы Заңы

33-бап. Тұтыну кооперативiнен шығарылуға тиiстi тұтыну кооперативi мүшесiнiң үлесiн бөлiп беру Тұтыну кооперативі туралы Заңы      1. Тұтыну кооперативінен шығарылуға тиісті т...

Толық оқу »

27-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

27-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеріТұтынушылардың құқықтарын қорғау т...

Толық оқу »

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1996 жылғы 25 шілде N 7 Нормативтік қаулысы.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1996 жылғы 25 шілде N 7 Нормативтік қаулысы. Ескерту....

Толық оқу »

8-бап. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

8-бап. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын,...

Толық оқу »

7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау  Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы

7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғауАдвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы      Білікті заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, б...

Толық оқу »

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостанд...

Толық оқу »

7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарына меншік құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарына меншік құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы      1. Ұлттық архив қорының құжаттары м...

Толық оқу »

24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әркiмнiң өз құқықта...

Толық оқу »

Ата-ана құқығынан айыру | кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Адвокат / Балалардың құқықтарын құқықтық қорғау

Ата-ана құқығынан айыру | кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Адвокат / Балалардың құқықтарын құқықтық қорғау2020 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласының кәмелетке толмағандар...

Толық оқу »

44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғауҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделер...

Толық оқу »

8-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі тұлғасының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау

8-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі тұлғасының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау1. Әрбір адам осы Код...

Толық оқу »

37-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

37-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауҚазақстан Республикасының Салық кодексі      1. Салық төлеушіге (салық агентіне) оның құқықтары...

Толық оқу »

24-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі тұлғасының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау

24-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі тұлғасының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау 1. Әркім...

Толық оқу »