Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 8-бап. Уәкілетті органның құзыреті Табиғи монополиялар туралы Заңы

8-бап. Уәкілетті органның құзыреті Табиғи монополиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Уәкілетті органның құзыреті Табиғи монополиялар туралы Заңы 

      Уәкiлеттi орган: 

      1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 

      2) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 

      3) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер ұсынады; 

      4) Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргізеді; 

      4-1) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді; 

      5) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      7) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді; 

      7-1) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді; 

       7-2) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді

      7-3) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келіседі; 

      7-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

       8) өтінімді қарауға қабылдайды не оны қабылдаудан бас тартады;  

       9) өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізеді;  

      10) осы Заңда көзделген жағдайларда тарифті бекітеді; 

       11) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындайды;  

       12) тарифтік сметаны бекітеді және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізеді;  

       13) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзге мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді; 

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру , суару үшін су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер бөлігінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітуді және бекітілген бағдарламасына өзгерістер енгізуді су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;

       14) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;  

      15) уақытша өтемдік тарифті бекітеді; 

      16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім береді, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдайды; 

      17) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді; 

      17-1) энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

      17-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды айқындайды; 

      18) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді; 

19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен және табиғи монополия субъектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін, оның ішінде өтініштерді қарау және мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;

      20) табиғи монополиялар субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізеді; 

      20-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келіседі; 

      21) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнеді; 

      22) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізеді; 

      23) табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың өтініштерін қарайды; 

     24) тарифті қалыптастыру бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобаларын, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;

      24-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі; 

      24-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі; 

      24-3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға , сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тарату ұйымына мүлікті сенімгерлік басқару шартын және (немесе) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан, жергілікті атқарушы органдардан, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан берілетін мүлікті беру шартын келіседі; 

      24-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келіседі; 

      24-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі; 

      25) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік жергілікті атқарушы органдардан , мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелерінен, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан       балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға өтеусіз алынған жағдайда, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ басқа электр желілерінің меншік иелерінен электр желілерін қалдық құны бойынша сатып алған және осы желілерді қалдық құны бойынша бағалауды жүргізуге арналған шығындар өтелген жағдайларда, бекітілген тарифтік сметаға табиғи монополиялар салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме деңгейінен асырмай өзгеріс енгізеді; 

       26) уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;  

      27) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге тарифтің болжамды индексін айқындайды; 

      28) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерін бекітеді; 

      29) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекітеді; 

      30) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектеріне жыл сайын түзету жасайды; 

      31) табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындайды; 

      32) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді; 

      33) тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді; 

  33-1) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      33-2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      34) табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына бір реттен сиретпей тұтынушыларды қабылдауды жүргізеді; 

      35) жергілікті атқарушы органдарға есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларына келісім береді; 

      35-1) жергілікті атқарушы органдарға немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тарату ұйымына тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келіседі; 

       36) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін төлемақы алу мөлшеріне келісім береді; 

      37) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органға басшылықты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.Қазақс...

Толық оқу »

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 172-бабына сәйкес тиісті тауар нарығындағы нарық...

Толық оқу »

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Еуразиялық эконо...

Толық оқу »

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер жасалға...

Толық оқу »

174-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

174-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiс...

Толық оқу »

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер үстем...

Толық оқу »

29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополия Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополияЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      Осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші...

Толық оқу »

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органның міндеттері:      1) адал бәсекелестікті дамытуға...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 90-6-бабының 21)-тармақша...

Толық оқу »

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы тексерулер мен нұсқамаларды тағайындау туралы актілерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы тексерулер мен нұсқамаларды тағайындау туралы актілерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою№ 6...

Толық оқу »

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе Табиғи монополияларды реттеу нарықтың экономикалық н...

Толық оқу »

714-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган

714-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган 1. Та...

Толық оқу »

Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу жөніндегі іс-қимылдарға шағымдану

Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу жөніндегі іс-қимылдарға шағымдануЗаңның 11-бабына сәйкес уәкілетті орган қалыптастыратын реттеліп көрсетілетін...

Толық оқу »

124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлі...

Толық оқу »

Табиғи монополия субъектісі-заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеу

Табиғи монополия субъектісі-заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеуӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес табиғи монополиялар салалар...

Толық оқу »

195-1-бап. Монополияға қарсы комплаенс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

195-1-бап. Монополияға қарсы комплаенс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықта...

Толық оқу »

23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия  Мемлекеттік статистика туралы Заңы

23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияМемлекеттік статистика туралы Заңы      1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынада...

Толық оқу »

23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруы Табиғи монополиялар туралы Заңы

23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруыТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Осы бап және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы  Табиғи монополиялар туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасыТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қаз...

Толық оқу »

12-бап. Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістері Табиғи монополиялар туралы Заңы

12-бап. Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістеріТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Тарифті қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларының мынадай та...

Толық оқу »

Кіріс сомасының есебін, монополиялық кірістің егжей-тегжейлі есебін ұсыну міндетін жүктеу туралы

Кіріс сомасының есебін, монополиялық кірістің егжей-тегжейлі есебін ұсыну міндетін жүктеу туралы07.12.2023 ж. № 6001-23-00-6ап / 1428Талапкер: "А" ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік...

Толық оқу »

6-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу  Табиғи монополиялар туралы Заңы

6-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеуТабиғи монополиялар туралы Заңы      Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу:      1)...

Толық оқу »

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 шілдеде...

Толық оқу »

713-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің монополияға қарсы органы

713-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің монополияға қарсы органы 1. Монополияға қарсы орган 160-баптарда (бірінші бөлікт...

Толық оқу »

173-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

173-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлі...

Толық оқу »

164-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

164-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Табиғи мон...

Толық оқу »

24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі Табиғи монополиялар туралы Заңы

24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігіТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі:     ...

Толық оқу »

11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру  Табиғи монополиялар туралы Заңы

11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыруТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер...

Толық оқу »

175-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

175-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъект...

Толық оқу »

9-2-бап. Байланыс желілерінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия Байланыс туралы Заңы

9-2-бап. Байланыс желілерінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияБайланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінд...

Толық оқу »

Табиғи монополиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Табиғи монополиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары...

Толық оқу »

10-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардыңжергілікті атқарушы органдарының құзыреті Табиғи монополиялар туралы Заңы

10-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіТабиғи монополиялар туралы Заңы      Астананың, облыстардың, респу...

Толық оқу »

21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту Табиғи монополиялар туралы Заңы

21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгертуТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасының даму басымдықтары және әле...

Толық оқу »

25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы Табиғи монополиялар туралы Заңы

25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығыТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызме...

Толық оқу »

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегі...

Толық оқу »

31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруі Байланыс туралы Заңы

31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруіБайланыс туралы Заңы      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілдік кәрізді мүліктік...

Толық оқу »

11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополияЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1...

Толық оқу »

166-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

166-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметі Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңның 15-бабына сә...

Толық оқу »

197-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

197-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Қазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттіктің) кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттіктің) кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі...

Толық оқу »