9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия Байланыс туралы Заңы
1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін;
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз етуді;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
4) радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді;
6) телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісуді, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыруды;
7) Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
8) ұялы байланыс желілерінің жиілік-аумақтық жоспарларын келісуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы