29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополия Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы
Осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 12) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон процестерін есепке алу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы.
Осы Заң жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындайды, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою жөніндегі қызметті реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы