31-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату шарттары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат ету ұйым басшысының шешімі бойынша:
оның өзіне алған мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көзделген міндеттемелерді бұзуы;
осы Заңның 30-бабына сәйкес лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың пайда болуы жағдайларында тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының лауазымды адамы немесе азаматы осындай тоқтату орын алғаннан кейін бес жыл өткен соң бас тартуға негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияларға қайтадан жіберілуге құқылы.
2. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату әкімшіліктің бастамасы бойынша онымен еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару үшін қосымша негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудің тоқтатылуы лауазымды адамды немесе азаматты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жарияламау жөніндегі олар алған міндеттемелерден босатпайды.
4. Ұйым басшысының лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату және осының негізінде онымен еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы