815-бап. Лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Ескерту. 815-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде лауазымды адам өздігінен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор лауазымды адамға қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдемелер жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Жоғары тұрған лауазымды адам өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
Ескерту. 815-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы