856-бап. Арызды соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылдау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.
2. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе ол түскен күннен бастап үш тәулік ішінде шешіледі.
3. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарылады, онда арызды қарау бойынша отырыс өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
4. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы