Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 68-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

68-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

68-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банктің депозиторлары мен өзге де кредиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісу бойынша банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық көлемде басқа банкке (басқа банктерге) (осы баптың мақсаттарында бұдан әрі – сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі. 

      2. Осы бапта көзделген операцияны жүргізу тәртібі, көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

      3. Банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық көлемде беру туралы хабарландыруды банк жариялайды. Хабарландыру осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында, банктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. 

      4. Банктің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру банк депозиторларының және өзге де кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. 

      Банктің активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бір мезгілде беруі жөніндегі операция жүргізілген кезде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) өзге де кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) өзге де кредитордың міндеттемелерді беруге келісуі ретінде қаралады. 

      5. Депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы банктің міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген ағымдағы және жинақ шоттарын жүргізуді сатып алушы банк жүзеге асырады. 

      6. Банк сатып алушы банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, банкте бар олардың банктік шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банктік шоттарды ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың банктегі банктік шоттары бойынша ауыртпалықтармен бірге беруге құқылы. 

      7. Сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттары деректемелерінің (оның ішінде банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өтпелі кезең ішінде депозиторлардың сатып алушы банкке берілген банктік шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып осындай нұсқауларды орындаудың ерекшеліктері банк пен сатып алушы банктің келісімі бойынша айқындалады. 

      8. Өтпелі кезең ішінде сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жеке сәйкестендіру кодтарын береді және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жеке сәйкестендіру кодтарының өзгертілгені туралы хабардар етеді. 

      Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындау үшін қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға, депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалық салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, депозиторлардың өздеріне қойылған орындалмаған талаптары бар банктік шоттарының жеке сәйкестендіру кодтарын өзгерткеннен кейін: 

      сатып алушы банк депозитордың банктік шотына талаптар (банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банктік шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгертілгені туралы хабардар етеді; 

      депозитордың сатып алушы банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды сатып алушы банк банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) сатып алушы банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес банктік шотқа берілген депозитордың тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, депозиторлардың сатып алушы банк ашқан банктік шоттарынан орындайды; 

      депозитордың сатып алушы банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) сатып алушы банк олардың банкке келіп түсуінің күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен депозиторлардың сатып алушы банк ашқан банктік шоттарынан орындайды. 

      Сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттарына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және міндеттемелері осы банкке өткен банктік қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізеді. 

      9. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтар (талаптар) түрінде банк активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді. 

      Банк борышкерді (борышкерлерді) хабардар ету мақсатында осы баптың 3-тармағында көрсетілген банк құқықтарының (талаптарының) бір бөлігін не оларды толық көлемде беру туралы хабарландыру жариялайды. Борышкер құқықтар (талаптар) берілген банкке өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе оларды толық көлемде орындаған жағдайда, осындай орындау тиісті кредитор үшін орындалған деп танылады. 

      10. Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа тапсыру актісін қоса бере отырып, шартты жасасу арқылы банк активтері мен міндеттемелерін беру жүзеге асырылады. 

      Тапсыру актісінде берілетін активтер, берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар және міндеттемелер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 

      Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мiндеттемедегi тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады. 

      11. Банктің, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің акциялар, қатысу үлестері, пайлар не ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары түріндегі активтерін сатып алушы банкке беру осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

      12. Сатып алушы банк өз активтері мен міндеттемелерін берген банктің ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы. 

      13. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) және міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинау мен өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

 

 

 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ  Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі  туралы Заңымен.  

68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi  9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

       1. Банк:  

      а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;  

      б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;  

      в) (алып тасталды)  

      2. Банкті тарату, оның iшiнде банкроттық негiзі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

 

126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі1. Көмірсутектер бойынша жер қ...

Толық оқу »

218-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

218-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Пайдалы қатты...

Толық оқу »

51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін тарату Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

  51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін таратуТұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Мүліктің меншік иелері бірлестігі:      1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар менші...

Толық оқу »

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы ҚР

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы      1. Жауапкершілігі шектеулі серікте...

Толық оқу »

20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы 1. Нысаналы капитал қоры ерікті түрде немесе мәжбүрлеп т...

Толық оқу »

30-бап. Заңды тұлғаны тарату Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

30-бап. Заңды тұлғаны тарату Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы...

Толық оқу »

72-бап. Пруденциялық нормативтер мен лимиттер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

72-бап. Пруденциялық нормативтер мен лимиттер ҚазақстанРеспубликасындағыбанктержәнебанкқызметітуралы Заңы      1. Уәкілетті орган банктер, Қазақстан Республикасының бейрезиден...

Толық оқу »

273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Кен іздеушілік салдарын жою бүлінген жерлерді Қазақста...

Толық оқу »

49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын тарату Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын таратуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын ерікті тү...

Толық оқу »

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы   13 Тарау. Қорытынды ережелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы 13 Тарау. Қорытынды ережелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы       1. Жауапкершілігі шектеулі серік...

Толық оқу »

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi  12-тарау. ТАРАТУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi12-тарау. ТАРАТУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iш...

Толық оқу »

259-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

259-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жө...

Толық оқу »

41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін тарату Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін таратуАуыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы кооперативі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешiмi бо...

Толық оқу »

126-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою

126-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою 1. Көмірсутектер бойынша ж...

Толық оқу »

197-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

197-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Пайдалы қатты...

Толық оқу »

177-бап. Уран өндіру салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

177-бап. Уран өндіру салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Уран өндіру салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен...

Толық оқу »

71-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігін тарату

71-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігін тарату Толық серіктестікті тарату АК-нің 49-бабында көрсетілген заңды тұлғаларды таратуды...

Толық оқу »

113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату  Оңалту және банкроттық туралы Заңы

113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату Оңалту және банкроттық туралы Заңы      Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату:      1) борышкер жоқ борышкер бол...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды тарату

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды таратуҰК 19-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының негізінде мемлекеттік кіріс органдары сотт...

Толық оқу »

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелерСақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы      1. Қорды тарату немесе қайта ұй...

Толық оқу »

Толық серіктестікті тарату

Толық серіктестікті тарату📘 ҚР Азаматтық кодексінің 71-бабы: Толық серіктестікті тарату🔷 Жалпы сипаттамаТолық серіктестік ұйымдық-құқықтық нысан ретінде қатысушылардың жеке...

Толық оқу »