Банкроттық рәсімді қозғамай борышкерді тарату
Заңның 7-тарауында банкроттық рәсіміді қозғамай борышкерді тарату ерекшеліктері көзделген, ол мынадай:
1) борышкер жоқ болып табылған;
(бұл жағдайда кредитор салық және кедендік төлемдер бойынша сотқа өтінішпен жүгінуге құқылы);
2) борышкерге қатысты осы Заңның 114-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлардың жиынтығы болған (бұл жағдайда борышкер сотқа өтінішпен жүгінуге құқылы)жағдайларда жүзеге асырылады.
Банкроттық рәсімді қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну үшін негіздер Заңның 114-бабының 2-тармағында көзделген.
Өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сот істі қозғау туралы ұйғарым шығарады және ұйғарымның көшірмелерін борышкерге, өтініш берушіге, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына борышкердің орналасқан жері бойынша аумақтық әділет органына (егер ол заңды тұлға болса) жібереді.
Істі қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сот банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешім шығарады. Шешімде сот тарату рәсімін жүргізуді әкімшінің құқықтары мен міндеттері ауысатын уәкілетті органға жүктелетінін көрсетуге тиіс.
Мысал:
1) Батыс Қазақстан облысы МАЭС-нің шешімімен С.А. Савченкон ДК-ні банкрот деп тану туралы салық органының өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.
Іс бойынша борышкерге хабарлама өтініште көрсетілген пошта мекенжайы бойынша үш рет жіберілді, алайда «Төрелік» АЖ-ға жеткізу не қайтару туралы мәліметтер жоқ, борышкер сотқа қатыспаған. Уақытша басқарушы борышкердің анықталмағанын, материалдарда көрсетілген тұрғылықты жеріне барған кезде өзге адамдардың тұрғылықты жері анықталғанын түсіндірді.
2013 жылдан бастап тұрғылықты жері бойынша ДК жоқ екендігі туралы салықтық тексеру актілері жасалды.
Бірінші сатыдағы сот борышкер болмаған кезде өтініш беруші банкроттық рәсімді қозғамай, борышкерді тарату туралы Заңның 7-тарауының тәртібімен сотқа жүгінуі керек екенін көрсетті, өйткені тиісті өтініш беру соттың істі қарауының өзге тәртібін көздейді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы 1-жартыжылдықта соттар қараған істер бойынша оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасына қорыту
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасын ҚОРЫТУ
8 рет жүктеп алынды