Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 218-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

218-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

218-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі    

      1. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою жою жоспары негізінде әзірленген жою жобасына сәйкес жүргізіледі.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді, келісуді, сараптауды және бекітуді лицензия мерзімі өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті.

      Өндіру учаскесінің бәрінен немесе бір бөлігінен бас тартылған жағдайда, егер осы тармақтың бесінші бөлігінің ережелерінен пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою қажеттігі туындамаса, мұндай салдарды жою жобасы осындай бас тартуға дейін әзірленеді, келісіледі, сараптауға және бекітуге жатады.

      Егер пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияның қолданылуы өзге негіздер бойынша тоқтатылса, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді және бекітуді лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 220-бабына сәйкес бас тартқан өндіру учаскесінің бір бөлігінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою осындай бас тартқанға дейін жүргізіледі. Жою аяқталғаннан кейінгі және өндіруге арналған лицензиядан ол алып тасталған кезге дейінгі кезеңде өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге немесе осындай учаскенің бір бөлігін өзге де пайдалануға жол берілмейді.

      Егер өндіру учаскесінің жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан бір бөлігін пайдалану өндіруге арналған лицензияда көзделген операциялар жүргізілместен және жер бетін (су айдындары түбін) бүлдірмей жүзеге асырылса, өндіру учаскесінің бір бөлігінде жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді. Бұл жағдайда жою жұмыстарын жүргізудің қажет еместігін растайтын зерттеп-қарау актісі жасалады, оған осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар қол қояды.

      3. Өндіру учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға осындай тоқтату күнінен бастап сегіз айдан кешіктірілмейтін мерзімде өндіру жөніндегі операциялар салдарын жоюға кірісуге міндетті. Осы кезең ішінде аталған тұлға жер қойнауы учаскесінің аумағынан өндірілген пайдалы қатты қазбаларды шығаруға құқылы. Лицензияның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін сегіз ай өткен соң өндіру учаскесінің аумағынан шығарылмаған пайдалы қатты қазбалар жер қойнауының құрамына енгізілген деп танылады және осы бапқа сәйкес жойылуға жатады.

      4. Жою актісіне қол қойылғаннан кейін өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.

      5. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою актісіне (зерттеп-қарау актісіне) қол қою жер қойнауын пайдалану құқығын өзге тұлғаларға кейіннен беру үшін мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.

      6. Осы баптың ережелері салдарын жоюды талап ететін өндіру жөніндегі операциялар жүргізілмеген, өндіру учаскесінде немесе оның бір бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда қолданылмайды. Бұл учаскеде барлау жөніндегі операциялар жүргізілген жағдайда олардың салдарын жою осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 218-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі1. Көмірсутектер бойынша жер қ...

Толық оқу »

51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін тарату Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

  51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін таратуТұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Мүліктің меншік иелері бірлестігі:      1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар менші...

Толық оқу »

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы ҚР

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы      1. Жауапкершілігі шектеулі серікте...

Толық оқу »

20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы 1. Нысаналы капитал қоры ерікті түрде немесе мәжбүрлеп т...

Толық оқу »

30-бап. Заңды тұлғаны тарату Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

30-бап. Заңды тұлғаны тарату Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы...

Толық оқу »

72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы      1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк ор...

Толық оқу »

273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Кен іздеушілік салдарын жою бүлінген жерлерді Қазақста...

Толық оқу »

49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын тарату Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын таратуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын ерікті тү...

Толық оқу »

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы   13 Тарау. Қорытынды ережелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы 13 Тарау. Қорытынды ережелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi  9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы      1. Банк:...

Толық оқу »

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы       1. Жауапкершілігі шектеулі серік...

Толық оқу »

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi  12-тарау. ТАРАТУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi12-тарау. ТАРАТУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iш...

Толық оқу »

259-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

259-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жө...

Толық оқу »

41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін тарату Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін таратуАуыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы кооперативі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешiмi бо...

Толық оқу »

126-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою

126-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою 1. Көмірсутектер бойынша ж...

Толық оқу »

197-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

197-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Пайдалы қатты...

Толық оқу »

177-бап. Уран өндіру салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

177-бап. Уран өндіру салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Уран өндіру салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен...

Толық оқу »

71-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігін тарату

71-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігін тарату Толық серіктестікті тарату АК-нің 49-бабында көрсетілген заңды тұлғаларды таратуды...

Толық оқу »

113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату  Оңалту және банкроттық туралы Заңы

113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату Оңалту және банкроттық туралы Заңы      Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату:      1) борышкер жоқ борышкер бол...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды тарату

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды таратуҰК 19-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының негізінде мемлекеттік кіріс органдары сотт...

Толық оқу »

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелерСақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы      1. Қорды тарату немесе қайта ұй...

Толық оқу »

Толық серіктестікті тарату

Толық серіктестікті тарату📘 ҚР Азаматтық кодексінің 71-бабы: Толық серіктестікті тарату🔷 Жалпы сипаттамаТолық серіктестік ұйымдық-құқықтық нысан ретінде қатысушылардың жеке...

Толық оқу »