Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 72-бап. Пруденциялық нормативтер мен лимиттер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

72-бап. Пруденциялық нормативтер мен лимиттер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

72-бап. Пруденциялық нормативтер мен лимиттер Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Уәкілетті орган банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, банк конгломераттары үшін олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және банктік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында белгілейтін экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер мен лимиттер болып табылады. 

      Уәкілетті орган банктердің міндетті түрде сақтауы үшін белгілейтін пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді: 

      1) банктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшерлері; 

      2) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттері; 

      3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері; 

      4) өтімділік коэффиценттері; 

      5) ашық валюталық позиция лимиттері; 

      6) залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төмен мөлшері; 

      7) леверидж коэффициенті. 

      Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері және есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

      2. Уәкілетті орган банк конгломераттарының міндетті түрде сақтауы үшін белгілейтін пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді: 

      1) жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері; 

      2) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттері; 

      3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері. 

      Банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері және есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

      3. Уәкілетті орган банктер, банк конгломераттары сақтауға міндетті, халықаралық банк практикасында және (немесе) банктердің, банк конгломераттарының тәуекелін барынша азайту және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттер белгілеуге құқылы. 

      Уәкілетті орган жүйелік маңызы бар банктерге меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша қосымша талаптар белгілейді. Банкті жүйелік маңызы бар банкке жатқызу тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. 

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотта орналастырған ақша және (немесе) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін сатып алатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері деп танылады. 

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың шекті мәндері және есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

      5. Банк, банк конгломераты, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтер мен лимиттердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

 

 

 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ  Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі  туралы Заңымен.  

72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы  

       1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларынан айыру туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.  

      2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот уәкiлеттi органға жiбередi.  

      Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан банк айырылады.  

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі1. Көмірсутектер бойынша жер қ...

Толық оқу »

218-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

218-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Пайдалы қатты...

Толық оқу »

51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін тарату Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

  51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін таратуТұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Мүліктің меншік иелері бірлестігі:      1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар менші...

Толық оқу »

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы ҚР

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы      1. Жауапкершілігі шектеулі серікте...

Толық оқу »

20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы

20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы Заңы 1. Нысаналы капитал қоры ерікті түрде немесе мәжбүрлеп т...

Толық оқу »

30-бап. Заңды тұлғаны тарату Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

30-бап. Заңды тұлғаны тарату Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы...

Толық оқу »

273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Кен іздеушілік салдарын жою бүлінген жерлерді Қазақста...

Толық оқу »

49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын тарату Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

49-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын таратуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын ерікті тү...

Толық оқу »

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы   13 Тарау. Қорытынды ережелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы 13 Тарау. Қорытынды ережелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

68-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

68-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция ҚазақстанРеспубликасындағыбанктержәнебанкқызметітуралы Заңы      1....

Толық оқу »

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы       1. Жауапкершілігі шектеулі серік...

Толық оқу »

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi  12-тарау. ТАРАТУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi12-тарау. ТАРАТУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iш...

Толық оқу »

259-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

259-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жө...

Толық оқу »

41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін тарату Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін таратуАуыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы кооперативі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешiмi бо...

Толық оқу »

126-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою

126-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою 1. Көмірсутектер бойынша ж...

Толық оқу »

197-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

197-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Пайдалы қатты...

Толық оқу »

177-бап. Уран өндіру салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

177-бап. Уран өндіру салдарын жою Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Уран өндіру салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен...

Толық оқу »

71-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігін тарату

71-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігін тарату Толық серіктестікті тарату АК-нің 49-бабында көрсетілген заңды тұлғаларды таратуды...

Толық оқу »

113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату  Оңалту және банкроттық туралы Заңы

113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату Оңалту және банкроттық туралы Заңы      Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату:      1) борышкер жоқ борышкер бол...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды тарату

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды таратуҰК 19-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының негізінде мемлекеттік кіріс органдары сотт...

Толық оқу »

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелерСақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы      1. Қорды тарату немесе қайта ұй...

Толық оқу »

Толық серіктестікті тарату

Толық серіктестікті тарату📘 ҚР Азаматтық кодексінің 71-бабы: Толық серіктестікті тарату🔷 Жалпы сипаттамаТолық серіктестік ұйымдық-құқықтық нысан ретінде қатысушылардың жеке...

Толық оқу »