408-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының және маманның өмiрiне қол сұғуу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, судьяның, алқабидің, прокурордың, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, қорғауды не өкілдікті жүзеге асыратын адвокаттың, сарапшының, маманның, сот приставының, сот орындаушысының, сол сияқты олардың жақындарының өміріне iстердiң немесе материалдардың Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, сотта қаралуына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргiзілуіне не сот үкiмінің, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты аталған адамдардың заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қол сұғу –
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы