Әкімшілік іс жеке тұлғаның әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылды
Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының (бұдан әрі – Инспекция) 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 106 қаулысымен С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 118-бабымен кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 86 550 теңге айыппұл салынған. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 24 қаңтардағы ұйғарымымен Инспекцияның қаулысы өзгеріссіз, құқық бұзушы С.-ның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Әкімшілік іс апелляциялық тәртіпте қаралмаған. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары наразылығында іс бойынша қабылданған Инспекция қаулысымен және сот актісімен келіспей, олардың күшін жойып, әкімшілік істің өндірісін қысқартуды және шағымды қанағаттандыруды сұраған.
Наразылықтың уәждерін қуаттаған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерделеп, қадағалаушы сот алқасы прокурордың наразылығы төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келеді. Іс құжаттарымен анықталғандай, Исатай ауданы Аққыстау селосының Елорда 86-үйінің тұрғыны С. өзіне тиесілі 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2-1744 мұраға құқық қалдыру куәлігі негізінде тұрғын үйді пайдалану және құрылыс мақсатында берілген 0,0750 га жер учаскесін нақты өлшеу кезінде оның 0,1365 га құрағаны, 0,0615 га жер артық пайдаланып келгені анықталып, құқық бұзушылық әрекеттер жасаған. Алайда, сотта істі қарау барысында Атырау облысы Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Елорда көшесіндегі 86-үйдің 0,075 га жер учаскесімен бірге С.-ның анасы А.-ның иелігінде екені, ол үй жер учаскесімен бірге 2009 жылғы 9 желтоқсандағы мұраға қалдыру куәлігінің негізінде А.-ның меншігінде екені анықталған. Ал А.-ның баласы С. дау туындап тұрған Елорда көшесі, 86-үйдің тұрғыны емес. Сондықтан үй мен жер теліміне оның меншік құқығы туындамаған, ал аталған үйге тиісті үлесі жоқ С. Аққыстау селосы Амангелді көшесіндегі 8 -үйде тұратыны анықталған. Дегенмен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жер учаскесінің меншік иесі А.-ға емес, оның бөлек тұратын және жер учаскесіне қатысы жоқ ұлы С.-ға қатысты қате толтырылғанына қарамастан, сот оны Инспекцияның қаулысына шағымдану мерзімін дәлелсіз себептермен өткізіп алды деп, шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда, АІЖК-нің 275-бабының 7-бөлігінде шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмұнына қарамастан тексереді делінген. ӘҚБтК-нің 28-бабының 1-бөлігінде жеке тұлғаның ӘҚБтК бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылатындығы көрсетілген. Мұндай жағдайда, С.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 118-бабымен қаралған әкімшілік іс оның әрекеттерінде құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартылуға жатады. ӘҚБтК-нің 665-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмеуi, ӘҚБтК-нің iс жүргiзу нормаларының елеулi түрде бұзылуына негіз болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, аумақтық жер инспекциясы қаулысының және бірінші сатыдағы С.-ға қатысты ұйғарымның күші жойылып, аталған іс өндірістен қысқартылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы