Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодексі / 411-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

411-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

411-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісінің салық салынатын сомасы (дара кәсіпкердің кірісі түріндегі, дивидендтер түріндегі және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі түріндегі салық салынатын соманы қоспағанда) мынадай тәртіппен айқындалады: 

     жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның кірістері (дара кәсіпкердің дивидендтер түріндегі кірісі түріндегі және резидент – еңбекші көшіп келушінің кірісі түріндегі салық салынатын соманы қоспағанда) 

     қосу 

     салық агенті есепке жазған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің (дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда) сомасы 

     алу 

     осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген, салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер 

     алу 

     салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кетуін, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған осы Кодекстің 409-бабының 2-тармағында көрсетілген салықтық шегерімнің сомасын қоса алғанда, осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер. 

     Осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарының ережелері төлем көзінен және жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын кірістердің жиынтық сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда қолданылады. 

     2. Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасы жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен мынадай түрде айқындалады: 

     осы Кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі 

     алу 

     осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісі азайтылатын кірістер 

     алу 

     салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кетуін, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған осы Кодекстің 409-бабының 2-тармағында көрсетілген салықтық шегерімінің сомасын қоса алғанда, осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер. 

     3. Салық салынатын кірісті айқындаудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары бөлек салықтық есепке алу негізінде: 

     1) өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, сондай-ақ өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызмет; 

     2) өзге де қызмет бойынша осы баптың 2-тармағына сәйкес салық салынатын кіріс сомаларын бөлек айқындайды. 

     4. Резидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы: 

       еңбекші көшіп келушіге рұқсатта (рұқсаттарда) көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстарды орындаудың (қызметтерді көрсетудің) әрбір айы үшін жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған кірістер 

     алу 

     осы кезеңдегі ең төмен салық салынатын кіріс сомасы 

     алу 

     осы кезеңдегі жұмыстарды орындаудың (қызметтерді көрсетудің) әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады. 

     5. Дивидендтер түріндегі кірістің салық салынатын сомасы былайша айқындалады: 

     төлем көзінен салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кірістер 

     қосу 

     жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі кірістер 

     алу 

     осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағына сәйкес кіріс азайтылатын кірістер 

     алу 

     төлем көзінен салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кірісті есептеу кезінде салық агенті қолданған салықтық шегерімдер.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

411-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы: 

      1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндірушілер; 

      2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының немесе кәсіпшілік балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – заңды тұлғалар. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуге мынадай қызмет түрлері жатады: 

      ет пен ет өнімдерін өндіру; 

      жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу; 

      өсімдіктер мен жануарлардың майларын және тоңмайларды өндіру; 

      сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіру; 

      ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру; 

      жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру; 

      нан өндіру; 

      балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру; 

      крахмал-cірне өнеркәсібінің өнімдерін өндіру; 

      ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеу; 

      тірі балықты қайта өңдеу;  

      ашытқы өндіру; 

      салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру; 

      қант өндіру; 

      3) мыналар:  

      өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өткізу; 

      өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу; 

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі айналымдар бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері. 

      4) өңдеу өнеркәсібінде (металлургия өнеркәсібін қоспағанда) өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – құрылған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелген кезден бастап екі жыл ішінде. 

      Бұл ретте өндірілген өнім жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталуға тиіс. 

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін не Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын өнімге қолданылады. 

      Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган тиісті уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін не Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын өнімнің тізбесін 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021 жылғы 20 шілдеден кешіктірмей және кейіннен жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей жариялайды. 

      Осы тармақшаның ережелері өңдеу өнеркәсібінде (металлургия өнеркәсібін қоспағанда) өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін ғимараттарды, құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға беретін заңды тұлғаларға қолданылады. 

      Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.  

      Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.  

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер:  

      осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша өткізу жөніндегі айналымдарды;  

      осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда осы баптың ережелерін қолдануға құқылы. 

      Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады: 

      ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал; 

      ҚҚСер 2 = ҚҚСеж – ҚҚСер 1, мұнда: 

      ҚҚСер 1 – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

      ҚҚСеж – осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

      А сс – осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы; 

      А жал – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы; 

      ҚҚСер 2 – өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

      Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 408 және 409-баптары ескеріле отырып айқындалады. 

      Өзге де айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен айқындауға құқылы. 

      3. Егер тұлға шетелдік, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға болып табылса, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер, осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес. 

      4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:  

      ҚҚСеқ = (ҚҚСсс – ҚҚСер – ҚҚСак) х 70 %, мұнда: 

      ҚҚСеқ – есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы;  

      ҚҚСсс – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы;  

      ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының осы Кодекстің 408, 409 және 410-баптарына сәйкес айқындалған сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады; 

      ҚҚСак – есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепті салықтық кезеңнің басында өспелі қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кету сомасы. 

      Алынған нөлдік немесе теріс мән салықтық кезең үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде есепке алынбайды. 

      Ескерту. 411-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

12-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жеке тұлға ұғымы

12-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жеке тұлға ұғымы Жеке тұлға ұғымы ҚР заңнамасының әртүрлі салаларында қолданылады. Азаматтық заңнамада, түсін...

Толық оқу »

Жеке тұлға ұғымы

Жеке тұлға ұғымы🔷 I. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы азаматтық заңнама контекстінде «жеке тұлға» ұғымының әмбебап анықтамасын белгілейді. Б...

Толық оқу »

1095-бап. Жеке адамның құқық қабiлеттiлiгi мен әрекетке қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1095-бап. Жеке адамның құқық қабiлеттiлiгi мен әрекетке қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi оның жеке заңы...

Толық оқу »

33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтат...

Толық оқу »

68-бап. Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерiнде болу және солар арқылы өту құқығы Жер кодексі Қазақстан Республикасының

68-бап. Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерiнде болу және солар арқылы өту құқығы Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кiруiне жабық емес...

Толық оқу »

30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметі  Қайырымдылық туралы Заңы

30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметіҚайырымдылық туралы Заңы      Жеке тұлға өзінің жеке меншігіндегі мүлікті және (немесе) өзінің зияткерлік қ...

Толық оқу »

Әкімшілік іс жеке тұлғаның әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылды

Әкімшілік іс жеке тұлғаның әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылдыАтырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының (бұдан әрі – Инспекция) 2013...

Толық оқу »

695-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

695-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәр...

Толық оқу »

1096-бап. Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1096-бап. Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және...

Толық оқу »

34-1-бап. Жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз беру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

34-1-бап. Жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз беру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 1. Банк, бан...

Толық оқу »

190-бап. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

190-бап. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алуды салық органы тиісті қаржы ж...

Толық оқу »

Әкімшілік істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару Салық кодексінің 46-бабының талаптарын бұзылуы бойынша (Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау)

Әкімшілік істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару Салық кодексінің 46-бабының талаптарын бұзылуы бойынша (Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орында...

Толық оқу »

Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша салық қызмет органдарының жеке тұлғадан салық және басқа да міндетті төлемдер өндіру бойынша

Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша салық қызмет органдарының жеке тұлғадан салық және басқа да міндетті төлемдер өндіру бойынша Қазақстан Республикасы Азаматты...

Толық оқу »

Қамтамасыз ету шаралары шеңберінде салынған жеке тұлғаның есеп айырысу шотынан бұғатты алу

Қамтамасыз ету шаралары шеңберінде салынған жеке тұлғаның есеп айырысу шотынан бұғатты алу2024 жылғы 26 қараша Гр.№7514-24-00-2/29881 іс Алматы қаласы Бостандық аудандық сотын...

Толық оқу »

72-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

72-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның...

Толық оқу »

371-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

371-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында жә...

Толық оқу »

370-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын өзге де экономикалық пайда Қазақстан Республикасының Салық кодексі

370-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын өзге де экономикалық пайда Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын өзге де экономик...

Толық оқу »

714-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі Налогового Кодекса Республики Казахстан

714-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі Налогового...

Толық оқу »

365-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын экономикалық пайда жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

365-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын экономикалық пайда жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Мыналар жеке тұлғаның кірісі болып табы...

Толық оқу »

72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада м...

Толық оқу »

369-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын зейнетақы аннуитетіне байланысты сомалар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

369-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын зейнетақы аннуитетіне байланысты сомалар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын зей...

Толық оқу »

270-бап. Жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша шығыстарды және жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыс берушінің жекелеген шығыстарын шегеру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

270-бап. Жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша шығыстарды және жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыс берушінің жекелеген шығыстарын шегеру Қазақстан Республ...

Толық оқу »

439-бап. Төлем көзінен жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасын айқындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

439-бап. Төлем көзінен жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасын айқындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мын...

Толық оқу »

412-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

412-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жа...

Толық оқу »

366-бап. Жұмыс берушінің жеке тұлға кірісі болып табылмайтын шығыстары Қазақстан Республикасының Салық кодексі

366-бап. Жұмыс берушінің жеке тұлға кірісі болып табылмайтын шығыстары Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Жұмыс берушінің жеке тұлға кірісі болып табылмайтын шығыстар...

Толық оқу »

746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психика...

Толық оқу »

367-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған, жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын материалдық пайда Қазақстан Республикасының Салық кодексі

367-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған, жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын материалдық пайда Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Қазақстан Р...

Толық оқу »

697-бап. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну Қазақстан Республикасының Салық кодексі

697-бап. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну Қазақстан Республикасының Салық кодексі      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның кірістер...

Толық оқу »

368-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын тоқтатылған міндеттемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

368-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын тоқтатылған міндеттемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған ма...

Толық оқу »

746-бапқа түсініктеме. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің заңды өкілдері

746-бапқа түсініктеме. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің заңды өкілдері 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы і...

Толық оқу »