270-бап. Жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша шығыстарды және жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыс берушінің жекелеген шығыстарын шегеру Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жұмыс берушінің:
1) мыналарды:
тіркеп-белгіленген активтердің;
преференциялар объектілерінің;
амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді;
2) запастардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және осындай запастардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өзіндік құны арқылы шегерімге жатқызылуға жататындарды;
3) бақылау кезеңі ішінде тіркеп-белгіленген активтер мен преференциялар объектілеріне қатысты кейінгі шығыстар деп танылатындарды;
4) салық төлеушінің осы баптың 2-тармағында көзделген шығыстарын қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 426-бабының 1) тармақшасында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 23), 25), 26) және 27) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерiмге жатады.
Жұмыс беруші жұмыскерді оқытуға, жұмыскердің біліктілігін арттыруға және (немесе) оны қайта даярлауға жұмсаған іс жүзіндегі шығыстар да шегерімге жатады.
2. Осы Кодекстің 366-бабының 1), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 18) және 20) тармақшаларында көрсетілген, жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыс берушінің шығыстары шегерімге жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
270-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) танылуы толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тоқтатылған, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген жағдайларды қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату;
2) осы активтерді лизинг шарты бойынша беру;
3) осы активтерді сатуға арналған активтердің, запастардың құрамына ауыстыру тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады;
4) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты – егер мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылғаннан кейін бухгалтерлік есепке алуда танылған актив тіркелген активтерге жатпаса, мүліктік жалдау (жалға алу) шартының тоқтатылуы тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады.
Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсаттарында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы:
1) шығып қалатын тіркелген активтердің;
2) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылған кезде есепке алынған активтің шығып қалу күніндегі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады.
3. Тіркелген активтерді, лизинг шарты бойынша беруден басқа, өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы, қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.
Егер кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтердің объектілері бөлінісінде айқындалмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалатын тіркелген активтердің өткізу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады.
Тіркелген активтерді лизинг шарты бойынша беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы шартқа сәйкес лизинг нысанасы берілген құнға азайтылады.
4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген берілген активтердің құнына, бірақ аталған активтердің беру күнінде бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнынан кем емес құнға азайтылады.
5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтер бірігу, қосылу, бөліну немесе бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілген активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құнына азайтылады.
Бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін, беру актісінде берілетін тіркелген активтердің қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша құнын:
1) I топтың тіркелген активтері бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын;
2) II, III, ІV топтардың тіркелген активтері бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен – осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын көрсетуге құқылы.
Бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша құнына азайтылады.
Заңды тұлғаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеуші салықтық есепке алу мақсаттары үшін беру актісінде салықтық есепке алу деректері бойынша І топтың тіркелген активтерінің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын көрсетуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің салықтық есепке алу деректері бойынша, осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген құнына азайтылады.
7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алып қойған кезде, кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісуі бойынша айқындалған құнға азайтылады.
8. Өзіне байланысты активтің бухгалтерлік есепке алуда танылуы тоқтатылатын тіркелген активтер жоғалған, бүлінген кезде:
1) тіркелген активтер сақтандырылған жағдайларда – кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;
2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;
3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.
8-1. 01.01.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII Заңымен.
9. Лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы актив салықтық есепке алуда танылған бастапқы құн мен лизинг нысанасы алынған күннен қайтарылған күнге дейінгі кезеңде лизингтік төлемдер сомасына енгізілген лизинг нысанасының құны арасындағы оң айырмаға азайтылады.
10. Тіркелген активтер сенімгерлік басқаруға берілген кезде топтың (кіші топтың) құндық балансы:
1) І топ бойынша – тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – берілу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнға азайтылады.
11. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелер тоқтатылған кезде топтың (кіші топтың) құндық балансын:
1) І топ бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша:
топтың барлық активтерін беру кезінде – топтың осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген құндық балансының шамасына;
қалған жағдайларда – берілетін активтердің осы Кодекстің 268-бабына сәйкес айқындалған, амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алына отырып, сенімгерлік басқарудың есепті салықтық кезеңнің алдындағы әрбір салықтық кезеңі үшін есептеледі.
12. Тіркелген активтер концессия шарты бойынша концессионерге берілген кезде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес құнға азайтылады.
13. Концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтер концендентке берілген кезде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша – тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес құнға азайтылады.
14. Тіркелген активтерді кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:
1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша – шығып қалу көрсетілмейді;
2) І топтың басқа тіркелген активтері бойынша – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және оны пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін пайдалануға енгізудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;
3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.
Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға тіркелген активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, мұндай активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.
Бір мезгілде мынадай:
техникалық құжаттамада көрсетілген белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;
күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;
есепті салықтық кезеңде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған деген шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері осы тармақтың мақсаттарында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері болып табылады.
15. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген активі шығып қалған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы Кодекстің 268-бабының 2-1-тармағында белгіленген бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып, шығып қалу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнға азайтылады.
Ескерту. 270-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы